Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 6-қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдум мемлекетіміздің болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Сондықтан ел арасындағы үгіт насихат жұмыстары Кентау қалалық орталық ауруханада жалғасты. Жиында Кентау қаласының Құрметті азаматы Бибі Еркінбекқызы бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда екендігін, АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырғандығын сөз етті. «Эко Атамекен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Ниязова өз сөзінде Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бірден бір жолы болмақтығын алға тартты. Жиын соныңда аурухана ұжымындағылар толғандырған сауалдарына жауап алды.