Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Білім беру жүйесі оның ішінде орта білімнің сапасы табысты ұлт болудың маңызды шарты» деп білім берудегі орта білімнің маңыздылығын атап өткен болатын. Олай болса әрбір білім беру ұйымы басшысының маңызды және тікелей міндеті, өзі басқарып отырған мектепті дамыту, оқыту сапасын жақсарту болмақ.
Жетісай ауданындағы Мырзақадыр Нұрбаев атындағы №58 жалпы білім беретін мектепте 2024 жылдың қаңтар айында кезекті педагогикалық кеңес, ата-аналармен жалпы жиналыс өткізілді. Қамқоршылық кеңесі алдында мектеп директорының І жартыжылдықта атқарылған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды.
Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жоспарына сәйкес, мемлекеттік аттестатауға тиісті құжаттар жинақталып, мемлекеттік мекеменің өзін-өзі бағалау қорытындысы дайындалды. Мектеп мемлекеттік аттестатаудан өтті. Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингісі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 4 және 9 сынып оқушылары ББЖМ-ге қатысты.
Облыстық білім басқармасы тарапынан ұсынылған чек парағы бойынша білім беру ұйымының іс-құжаттары жинақталып, тиісті жұмыстар атқарылды. Басқарма жанынан ұйымдастырылған зерделеу кезінде кемшіліктер анықталмады. Зерделеу тобының оң бағасын алды. Мектеп директоры Р. Алиева облыстық білім басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» жанынан ұйымдастырылған «Көшбасшы» Ассоциациясына мүше болып, аудандағы екі мектеп директорына Бекенова Меруерт пен Нысанов Еркеғалиға тәлімгерлік жасау бекітілді. Тәлімгерлік жоспары жасалып, ол бойынша жұмыстар атқарылуда.
Террористік қауіптің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықпен» барлық қызметкерлер таныстырылған. Осыған орай, білім алушылар арасындағы экстремизм профилактикасы, экстремизмге жағымсыз эмоционалды қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқу-жаттығулары өткізілді.
Мектеп мұғалімлері мен оқушылары еліміз бойынша қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді түрде қатысып, әр апта сайын белгілі бір тақырып бойынша акцияға үлес қосып отырды. Атап айтар болсақ, «Таза өлке», «Киелі мекен», «Өнегелі ұрпақ», «Жасыл аймақ», «Мөлдір бұлақ» акциялары бойынша жұмыстар жүргізіліп, табиғатты қорғап, аялауға атсалысты.
Түркістан облысының білім басқармасының 2024 жылғы 15 ақпандағы №25/900 хатына, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 4 ақпандағы №21-1-21-6/1053-И хатына сәйкес “М.Нұрбаев атындағы №58 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 21.02.2024 жылы педагог қызметкерлер арасында жиналыс өткізіліп, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығына сәйкес, “Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді” деген К. Д. Ушинскийдің сөздерін басшылыққа отырып, педагогикалық қызметкерлердің тарапынан білім алушыларға және тәрбиеленушілерге қатысты педагогикалық этикаға жат қылықтарға жол бермеу туралы ұжым қызметкерлері арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жетісай ауданы білім бөлімінің 15.12.2023-ғы №230-01/01-51/4869 шығыс хатына сай ауданымыздағы тарихи тұлғалардың атымен аталатын мектептер, сол тұлғанын қоғам өміріндегі қызметі мен елге сіңірген еңбектерін оқушыларға дәріптеу мақсатында «Қоғам және заң қайраткері — М.Нұрбаев жөнінде әдеби танымдық кітапханалық сабақ және «Кемеңгер тұлға-М.Нұрбаев» тақырыбында бұрыш жасалды. Қазақстаннан шыққан алғашқы заңгерлердің бірі М.Нұрбаев жайлы «Біртуар абзал азамат» тақырыбында эссе жазудан байқау, оқушылар арасында дебат, пікір-сайысы өткізілді.
«Бала қауіпсіздігі — қоғамның басты міндеті» тақырыбындағы айлық іс-шара өткізілді. Шара аясында қолөнері көрмесі, психологиялық тренингтер, ашық тәрбие сағаттары, ата-аналармен «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мектепте «DOSBOLLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы аясында «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерімен бірге сынып сағаттары, дебат, «дөңгелек үстелде»р ұйымдастырып, өзін-өзі басқару ұйымы белсенділігін көрсетті.
Педагогтардың зерттеу құзіреттілігін арттыру арқылы білім сапасын арттыру мақстатында пән апталықтары өткізілді. Мұғалімдерден зерттеу топтары құрылып, «LESSON STUDY» сабақтары жүргізілді. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ және Түркістан облысы білім басқармасының меморандумы негізінде зияткерлік мектептер тәжірибесін тарату және тәжірибе алмасу мақсатында мектепте аудандағы үш мектеп серіктес мектеп болып бекітілген болатын. Атап айтар болсақ, олар: № 60 Қызылқұм ЖББМ, С.Ерубаев атындағы №56 ЖББМ және Қ.Сәтбаев атындағы №48 ЖББМ. Осы серіктес мектептермен оқу жылын қорытындылау «Үздіксіз кәсіби даму факторының педагог қызметіндегі ролі» тақырыбымен тәжірибелік семинар өткізілді. Семинар мақсаты педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына және өзін-өзі дамытуына бағытталған біліктілікті арттыру жұмыстарын қоғамдастық аясында тиімді үйлестіру болды.
Орайы келгенде айта кетейік, өткен оқу жылы аяқталғаннан кейін мектепте жазғы лагерь ұйымдастырылды. Ата-аналардың өтінішімен 5-9 сыныптар арасында оқушылардан топтар ұйымдастырылып, біліміндегі олқылықтар бойынша сабақтар өткізілді. Мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы лагеріне бастауыш сынып оқушылары қатысты. Лагердің әр күні қызыққа толы шаралармен жоспарланды. Күн сайын таңертеңгілік жаттығу жасалып, топтық және мектепішілік шараларға белсене қатысқан оқушылар түскі жиында әр топтың топбасшысы топ атауы мен ұранын айтса, лагер жетекшілері ертеңгі күннің жоспарын айтып, шараға белсенді қатысқан топты марапаттап отырды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күні мерекесін атап өтуге арналған «Мемлекеттік рәміздер — еліміздің мақтанышы» атты іс-шара жоспарына сәйкес топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен оқушылар мерекеге байланысты өлеңдер оқып, «Түрлі-түсті арман» тақырып аясында балалар асфальтта сурет салды. Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтті. Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету шаралары іске асырылды.