Сарыағаш ауданы Дербісек ауыл округіне қарасты Дербісек ауылында орналасқан №76 жалпы білім беретін мектеп 300 орынды. Өткен оқу жылында мұндағы 26 сынып комплектісінде 634 оқушы және 2 мектепалды дайындық тобы, онда 45 оқушы білім алды. Жалпы мектепте 90 қызметкер жұмыс істейді. Оның 66-сы педагог болса, үшеуі бала күтімінде отырған мұғалім, 24-і жұмыс істеп жатқан кіші қызметкер. Бала күтімінде отырған кіші қызметкерлер жоқ, ақысыз демалыста жүрген мұғалімдер – жоқ. Толық жүктеме алмаған мұғалімдер – дене тәрбиесі пәні мұғалімдері. Себебі, дене тәрбиесі пәні бойынша бөлініп оқытылатын топ қысқартылған.
2023-2024 оқу жылында жалпы педагог мұғалімдер 987,5 сағатпен жұмыс істеді. 4 жас маман бар, оларға жоғары санатты педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы мұғалімдерімізді тәлімгер етіп бекітілген. Мұғалімдердің орташа сағат жүктемесі 17,6 сағатты құрады. Педагогтердің біліктілік санаттары бойынша айтар болсақ, білім ошағында 2 «педагог-шебер», 16 «педагог-зерттеуші», 16 «педагог-сарапшы», 13 «педагог-модератор», 19 санатсыз педагог бар.
Мектептің даму бағытын айқындайтын перспективалық жоспар жасалған. Басымдық ретінде «Қоғамдастық және кәсіби серіктестікті жандандыру» бағыты алынған. Бұл бағыт бойынша 9 іс-шара жоспарланып, іске асырылды. Мәселен, аталмыш білім ошағында аймақтық мектептер арасында «Үлгілі оқу бағдарламасы аясында оқу-тәрбие үрдісін жобалау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін анықтай отырып, оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттілігін ескеріп, жалпы адами негізінде толыққанды дамыту болды. Сонымен қатар, «Ауыл мектебі» жобасы аясында НЗМ-мен жоспарлы түрде жұмыс жасалды. Онда НЗМ-нің тәжірибесін оқу мен оқытуда, өзара іс-әрекетінде қолдану аясын кеңейту көзделді. «Кәсіби қоғамдастық – мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру құралы» тақырыбында коучинг өткіздік. «Ақпараттық кеңістіктің мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Аймақтық мектептермен оқушылар арасында пән олимпиадаларын ұйымдастырылды. Серіктес мектептермен БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру бойынша «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. «Сабақта қолданылатын тиімді интербелсенді әдіс-тәсілдердің түрлері» тақырыбында шебер сабақтар да өткізілді. «Зерттеу сабақтары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында семинардың мақсаты оқушыларға оқыған білімдерін өмірде қолдануды үйрету болды.
2024-2025 оқу жылына «Мектептің оқу-тәрбие жұмысының құндылыққа бағытталған тәсілдері» бойынша басымдығы алынып, оқу жылына арналған жопар түзілді. Онда білім мен тәрбие бағытын қатар алып жүру керектігі нақтыланды.