Төлеби ауданында әртүрлі салаларда жемісті еңбек етіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген қыз-келіншектер көп. Солардың бірі ретінде Сұлтан рабат жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Искакова Галия Мәлікқызын айтуға болады.
— Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы. 2001 жылы Төлеби ауданындағы Сұлтан рабат орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Жалпы маған үлкен мотиватор болған менің атам мен енем! Ол кісілер мықты ардагер ұстаз болған еді. Атам мектеп басшысы болатын. Осы ардақты кісілердің арқасында менің ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да, алғаш осы мектептен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты.
«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» деп заңғар ақын М. Шаханов айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Алдымызға келген балалар — біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.
Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз мұғалімдердің еншісінде. Сөзден жыр кестесін өрген Ғафу Қайырбеков ұстаз деген сөздің анықтамасын дәл берген.
Ұстаз болу — сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы.
Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек.
Ұстаз — Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын, — дейді Искакова Галия Мәлікқызы.
Искакова Галия Мәлікқызын 24 жылдық еңбек өтілімінде мектеп оқушыларының сапалы білім алуына, сонымен қатар аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі әртүрлі жарыстарда жүлделі орын алуына өз үлесін қості. Осы орайда оның кәсіби жетістіктеріне тоқтала кетсек. Ұстаздың жетістігі оның оқушыларының шыққан шыңы емес пе? Сондықтан, алдымен Искакова Галия Мәлікқызының оқушыларының жетістіктерін баяндауды жөн көріп отырмыз.
Республика көлемінде ұйымдастырылған Мәшһүр –Жүсіп Көпеев оқуларының «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген,Сөзімді сөйлеп бақтыммен де білген» бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Бахтиярова Сарвиназ ерекше дарынды қабілетін көрсете білгені бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. «Алтын білім кілті» әдістемелік ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастырған ғылыми жобалар конкурсында жоғары нәтиже көрсеткені үшін 11 сынып оқушысы Ергашова Севида бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал, 11 сынып оқушысы Ирисмат Малика осы сайыста бас жүлдеге ие болды. Аудандық білім бөлімі өткізген ғылыми жоба жарысында 9-11 оқушылар арасында 10 «А» сынып оқушысы Ергашова Севида екі жыл қатарынан қатысып, жүлделі 2 орынды екі рет иеленді. 2023-2024 оқу жылы
9-11 оқушылар арасында өткізілген аудандық пән олимпиадасында 9 «В» сынып оқушысы Бахтиярова Сарвиназ қатысып, І орын иеленді. Жалпы пәндер бойынша республикалық облыстық кезеңінің жүлдегері атанғаны үшін 9 «В» сынып оқушысы Бахтиярова Сарвиноз ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жалпы білім беретін пәндерден «Алтын қыран ерекше дарын иесі» республикалық олимпиадасына қатысқан 8-9 сынып оқушылары жеңімпаз болғаны үшін марапатталды. Атап айтар болсақ, олар Мухамеджанов Ахрорбек 9 «А» сынып оқушысы, Маратжанова Дильфуза 9 « В» сынып оқушысы, Аманова Лобар 9 «А» сынып оқушысы, Бахтиярова Сарвиноз 9 «В» сынып оқушысы, Абдуллаев Элбек 9 «А» сынып оқушысы, Махамбетов Одилжан 9 «В» сынып оқушысы.
Сонымен қатар, оқу-ағарту министірлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өзге ұлт оқушылар арасында қазақ тілі пәнінен 5-11 сынып оқушыларына арналған «Тіл- тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасына қатысқаны үшін Муратжанова Д, Миралиева З, Ирсали Х, Хайтмат Х, Ағабеков, Жаналиева А арнайы сертификатпен марапатталды. Оқу-ағарту министірлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталағының ұйымдастыруымен өзге ұлт оқушылар арасында қазақ тілінен 5-11 сынып оқушыларына арналған «Тіл- тәуелсіздік тұғыры» олимпиадасына 9 «В» сынып оқушысы Махамбетов Одилжан қатысып, 3 орынға ие болып, республикалық дипломмен марапатталды.
Искакова Галия Мәлікқызының ұрпақ тәрбиесіне қатысты жазған дүниелері басылым беттерінде жарияланып, ізінен ерген жас мамандарға жол көрсетуде. Айталық, «Жаңашыл педагог мінбері» Республикалық журналына « Мұқағали- мәңгілік жыр» атты мақаласы жарияланды. «Заманауи білімге жаңаша көзқарас» Республикалық журналға «Қазақ тілі сабағында 7 модульді қолданудың тиімділігі» атты мақаласы жарияланды. «Алтын білім кілті » Халықаралық журналында «Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұсынұлының бір жұмбағы-Бадрисафа» атты мақаласы жарық көрді. «Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері» атты авторлық бағдарламасы жарыққа шықты. «Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері» атты авторлық бағдарламаны аяқтап,жазып шықты. Осы тақырып халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінді талқыланып, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының кітаптар палатасына тіркеліп,хаттамасымен мақұлданып, жарыққа шықты.
Осындай еңбектерінің нәтижесінде Искакова Галия Мәлікқызы түрлі марапаттарға ие болуда. Мәселен, 2021-2022 оқу жылы «Үздік педагог-2022 ж» Республикалық шағармашылық байқауында үздік танылғаны үшін 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. 2021жылы «Жаңашыл педагог мінбері» Республикалық ғылыми педогогикалық әдістемелік журналына өз әдістеріммен бөліскені үшін Алғыс хатпен және Сертификатпен марапатталды. 2021жылы Дарын онлайн білім беру платформасы мен КАЗ тест КЗ олимпиада сайты бірлесіп ұстаздарға арнап ұйымдастырған Республикалық пәндік олимпиадасында 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. 2022 жылы «Алтын білім кілті» әдістемелік ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастырумен «Білім және ғылым елдің тұрақты дамуының кепілі» атты дәстүрлі тамыз кеңесі конференциясына белсенділік танылып, өзінің іс тәжірибесін педогогтар арасында кеңінен таратып, білімнің жаңа даму саласында жақсы дәрежеде жұмыс жасағаны бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Алтын білім кілті» әдістемелік ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастырумен «Жаңашыл педагог мінбері» журналының басшылығымен педогогтар арасында өткізілген «Заманауи білімге жаңаша қөзқарас тәжирибе және даму болашағы» атты республикалық ғылыми тәжирибелік конференциясына қатысып, белсенділік танытқаны бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. 2023 жылы «Жаңашыл педагог мінбері» Республикалық ғылыми педогогикалық әдістемелік журналына өз әдістеріммен бөліскені үшін Алғыс хатпен және Сертификатпен марапатталды. 2023 жылы «Алтын білім кілті» оқу орталығының Алғыс хатымен марапатталды. 2023 жылы «Үздік мақала» «Алтын білім кілті» журналына жариялағаны үшін дипломмен марапатталды. 2024 жылы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінен жүлделі орынға ие болғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.