Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі өтті. 9-11 қазан аралығында облысымыздың 16 ауданында олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі болды. Онда мектепшілік кезеңнен іріктелген 15 000-нан астам білім алушы өз білімдерін сынады.
Олимпиадаға қыркүйек айында облысымыздан 32 854 білім алушы тіркеліп, оның 27 795-і қатысқан болатын. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 6474 қатысушыға артқанын көрсетеді. ІІ аудандық кезеңнің нәтижесі бойынша, ең жоғары ұпай жинаған 60 оқушы (әр пән және әр сынып бойынша 20 оқушы) ІІІ облыстық кезеңге қатысуға жолдама алады.