Сарыағаш ауданында ерекше балалар үшін инклюзивті білім беретін «Аqildi bala » атты мектептің ашылу салтанаты болып өтті.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, балалар мен ата-аналарды құтықтап, жеке кәсіпкердің игі ісіне бастамасына сәттілік тілеп, әрқашан қолдауға дайын екенін атап өтті.
Әлемі бөлек балалардың болашағына алаңдап, олардың да қалыпты балалар секілді толыққанды білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында 100 балаға арналған «Аqildi bala » атты инклюзивті білім беру мектебін Б.Сәбитов кәсіпкерлермен бірлесе ашқан.
Аталған инклюзивті мектепте 17 пән бойынша және 8 қосымша сабақ мұғалімдер білім береді. Сонымен қатар, робототехника, АФК, ЛФК, , сенсорлық интеграция, вокал және хореография, АРТ, ABA терапиясыжәне басқа да сабақтар оқытылады. Сондай-ақ, психолог логопед,дефектолог мамандары жұмыс жасайды.
Инклюзивті білім беретін мектеп заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.
Мектеп басшылығының айтуынша, ерекше балаларды біржола емдеу мүмкін болмаса да, тұрақты коррекциялық жұмыстың нәтижесінде таным, ақыл-ой процестерінің жұмысын жақсартуға болады.