gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 4 айда ауыл шаруашылығы саласында 163,5 млрд. теңгенінің өнімі өндірілді

18 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 4 айда ауыл шаруашылығы саласында 163,5 млрд. теңгенінің өнімі өндірілді
Share on FacebookShare on Twitter
Жері құнарлы, ауа-райы қолайлы Түркістан облысы – еліміздегі ауыл шаруашылы дамыған алдыңғы қатардағы өңір. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 163,5 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,0%-ға орындалды. Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы 21,9 млрд. теңгені құраса, мал шаруашылығында 139,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Республикадағы үлесі 14,1%-ды құрап отыр.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 10,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 217,9%-ға артса, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 1,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 147,5%-ға өсті.
Биыл АӨК саласына жалпы құны 54,1 млрд.теңгені құрайтын 60 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі таңда құны 4,9 млрд.тг болатын 16 жоба іске қосылды. Атап айтсақ, 200 басқа арналған тауарлы сүт фермасы, 4 мал бордақылау алаңы, 3 сүт өңдеу цехы, 2,1 га аумаққа 2 фермерлік жылыжай салынды. Сонымен қатар 490 га жаңбырлатып суару бойынша 3 жоба, балық өсіру бойынша 3 жоба жүзеге асырылды.
Бұдан бөлек, құны 107,3 млн. доллар болатын 271,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі шет елдерге экспорталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайды. Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 214,4 мың тонна (34,8 млн. доллар), мал шаруашылығы, 5,0 мың тонна (19,6 млн. доллар) болса, 52,0 мың тонна (52,7 млн. доллар) қайта өңдеу өнімдері экспортқа жөнелтілді.
Previous Post

Түркістан қаласында жол саласы бойынша мердігерлерге миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Next Post

Түркістан облысының инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz