gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

22 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды
Share on FacebookShare on Twitter
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түлкібас ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өз мәресіне жетті. Мерекелік шараны «Салт дәстүр – сан ғасырлық саф мұра» атты ән, жыр мен ұлттық салт-дәстүрлер көрінісі қорытындылады. Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды.
Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы алаңында аудан өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өткен болатын. Мұнда Түлкібас ауданының мақтаныштары – Сәкен Қалымов, Индира Расылхан, Мамадияр Таукеев бастаған елімізге танымал жұлдыздар өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарын ән мен жырға бөледі. Мерекелік кешке аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Нұрайым Шахимерген және облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы қатысқан болатын.
Ал өнер додасының екінші күнінде этноауылда фото, қылқалам, қолөнер шеберлері, «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының және «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық паркінің этнографиялық коллекциялық көрмесі жасақталған. Сондай-ақ спорттық ойындардан сайыс өтіп, жеңімпаздар марапатталған болатын.
Айта кетейік, аталмыш фестиваль шілде айының соңына дейін өтеді. Келесі көшті 26-28 мамыр аралығында Созақ ауданының өнерпаздары жалғастырады.
Previous Post

Түркістан экономикасын дамыту мақсатында қытай компанияларымен меморандумдар жасалды

Next Post

Су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz