gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Қазығұрт ауданында 62 елді мекеннің 60-ы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

22 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл Қазығұрт ауданында 62 елді мекеннің 60-ы ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Share on FacebookShare on Twitter

 

Қазығұрт ауданы бойынша жалпы халық саны 116 577 адамға жетіп, аудан аумағы 409,1 мың гектарды құрады. Аудан құрамына 13 ауыл округі, 62 елді мекен кіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша айтар болсақ, ауданда жалпы 62 елді мекеннің 59-ы, яғни 96,7 пайызы ауыз су құбырымен қамтамасызетілген. 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі болған Жігерген ауыл округі Айнатас елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына 276 млн. теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың 17 мамырында нысан пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, биылғы жылға өтпелі болған Тұрбат ауыл округі Қызылдихан елді мекенін қайта құру ауыз су жүйелерінің құрылысына 685,9 млн. теңге қаржы қаралып, нысан ағымдағы жылдың тамыз айында ел игілігіне тапсырылатын болады. Айта кетейік, 2023 жылы «Ақбура» бұлақ көзіне қосымша ауыз су қоймасының құрылысына 268,5 млн теңге қаралып, бұл нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Қазір мұнда тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Осы аталған нысандардағы құрылыс жұмыстары уақытында аяқталған жағдайда ауданда 7 елді мекен тұрғындары 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, Қазығұрт ауданының орталығын 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 727,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.Аталған нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұйыртса, осы жылдың қорытындысымен аудан бойынша  60 елді мекен ауыз сумен қамтылып, 96,7 пайызды құрайтын болады.

Ал, биыл облыста 831 елді мекеннің 736-сын немесе 88,6%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Айта кетейік, бүгінде  өңірдегі 831 елді мекеннің 719-ы, яғни 86,5%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде 101 елдімекен ауызсуды бұлақ көздерінен, 11 елді мекен ашық су көздерінен пайдалануда. Қазіргі таңда жеке тұлғалар үшін ауыз судың орташа тариф құны – 64,97 теңге, бюджеттік мекемелер үшін – 125,3 теңге, өнеркәсіп және коммерциялық ұйымдар үшін – 129,5 теңге. Биыл 831 елді мекеннің 736-сын немесе 88,6%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланудаөңірдегі 831 елді мекеннің 719-ы, яғни 86,5%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде 101 елдімекен ауызсуды бұлақ көздерінен, 11 елді мекен ашық су көздерінен пайдалануда. Қазіргі таңда жеке тұлғалар үшін ауыз судың орташа тариф құны – 64,97 теңге, бюджеттік мекемелер үшін – 125,3 теңге, өнеркәсіп және коммерциялық ұйымдар үшін – 129,5 теңге.

Реті келгенде тілге тиек ете кетейік, биылдан бастап өңірімізде елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту сапасы сараптамадан өтетін болды. Бұрын-соңды болмаған бұл шара барысында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту саласы егжей-тегжейлі сараптамадан өтеді. Нәтижесінде облыс аумағындағы елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жауапты адамдарға жүктеледі.Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің баяндауынша, басқарма тарапынан мониторинг жүргізу жөнінде хат «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казтрансгаз» АҚ ТӨФ, Су беруші мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға жолданған.

– Халықты сапалы ауыз сумен, жарықпен, табиғи газбен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Тұрғындардың негізгі өтініштері де инфрақұрылымға қатысты болып тұр. Бұл саланы әрі қарай дамыта береміз. Облыстың инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Осы бағыттағы жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады, – дейді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Өңірімізде ауыз сумен қамтамасыз ету саласында атқарылатын жұмыстар ауқымды. Биыл жалпы құны 51,5 млрд. теңгеге 66 нысан құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 46 нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Қалған нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі. Нәтижесінде су құбыры мүлдем жоқ 18 елді мекен (Бәйдібек – 1, Сарыағаш – 7, Келес – 4, Қазығұрт – 1, Ордабасы – 4, Отырар –1) ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 12 елді мекеннің (Жетісай – 1, Бәйдібек – 2, Қазығұрт – 1, Төлеби – 4, Мақтаарал – 1, Ордабасы – 1, Түлкібас – 2) тозығы жеткен су жүйелері қайта жаңартылады. 2023 жылдың қорытындысымен 833 елді мекеннің 738 елді мекені ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.

Previous Post

Су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Next Post

Түркістанда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz