Мақтаарал аудандағы 69 елді мекеннің 67-сі, яғни 97,1 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен (халық саны бойынша – 99,6%), ал қалған 2 елді мекен, атап айтар болсақ, Достық, Найман Бұхарбай елді мекендері ауыз су жүйесімен қамтылмаған. Қазір өңірде 49 елді мекенге ауыз су 24 сағат, 18 елді мекенге ауыз су кестеге сәйкес берілуде.
Былтыр республикалық бюджеттен 3 нысанның, атап айтар болсақ, Атакент, Береке, Иіржар елді мекендеріндегі құрылыс жұмыстарына бюджеттен 113,9 млн. теңге бөлініп, жоспарланған жұмыстар өз мерзіміне сәйкес жүргізілуде. Аталған елді мекендердегі құрылыс жұмыстары биыл аяқталатын болады.
Сонымен қатар, аудандық бюджеттен 35,2 млн. теңге бөлініп, 5 елді мекеннің, атап айтар болсақ, Азат, Дихан, Атамұра, Бахыт, Тұлпар елді мекендерінің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.Жаңажол және Азаттық елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру бойынша жобалық сметалық құжат әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен қаржы бөлдіруге ұсынылды. Жалпы сметалық құны 981,8 млн. тенге. Атакент кентінің (2-бөлігі), Өркениет, Игілік, Арайлы және Ақжол елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру бойынша жобалық сметалық құжат әзірленуде. Қаржысы – 29,5 млн.тг. Сараптама қорытындысы биылғы жылы алынатын болады.
Жалпы аудандағы ауыз су жүйелерінің тозығы жеткен 11 елді мекенде, атап айтар болсақ, Иіржар, Жаңажол, Азаттық, Ақжол, Арайлы, Нұрлыжол, С.Рахимов, Өркениет, Игілік, Шаттық, Ақалтын елді мекендерінде қайта құру жұмыстарын жүргізу және ауыз су құбыры жоқ 2 елді мекенге, атап айтар болсақ, Достық, Найман Бұқарбай елді мекеніне ауыз су құбырын салу қажет етеді. Осы мақсатта биыл облыстық бюджеттен 29,4 млн тг. бөлінді. Атакент, Береке және Иіржар елді мекендеріндегі ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары биыл аяқталады.
Сонымен қатар, 2023 жылға аудандық бюджеттен 95,0 млн. теңге қаралып, 9 елді мекеннің, атап айтар болсақ, Азамат, Өркен, Көкпарсай, Алғабас, Атакент — Кувакова көш., Мырзакент — Мадиходжаев көш., Шұғыла, ҚазССР 40 жылдығы, Гүлістан елді мекендерінің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып, жүргізілуде.
Мұнан бөлек Жаңажол және Азаттық елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынып, тиісті қаржысы бөлініп, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Жаңажол елді мекенінің сметалық құны – 588,6 млн. теңге, ал Азаттық елді мекенінің сметалық құны – 393,2 млн. теңге.Жобалаушы ұйымдар тарапынан Атакент кентінің (2-бөлігі), Өркениет, Игілік, Ақжол және Арайлы елді мекендеріне ЖСҚ әзірленуде. Қаржысы 29,5 млн. теңге.
Ауданда 5 елді мекеннің, атап айтар болсақ, Достық, Шаттық, Ақалтын, Төрткүл, Жамбыл елді мекенінің жер асты суларына іздеу барлау жұмыстары жүргізілуде. Жер асты су қорына қорытынды хаттамасын алу жыл соңына жоспарланған.
Реті келгенде айта кетейік, қазіргі таңда өңіріміздегі 831 елді мекеннің 719-ы, яғни 86,5 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде 101 елдімекен ауызсуды бұлақ көздерінен, 11 елді мекен ашық су көздерінен алып, пайдалануда. Бүгінде облыста жеке тұлғалар үшін ауыз судың орташа тариф құны – 64,97 теңге, бюджеттік мекемелер үшін – 125,3 теңге, өнеркәсіп және коммерциялық ұйымдар үшін – 129,5 теңге.
Биыл облыста 831 елді мекеннің 736-сын, яғни 88,6 пайызын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің мәлімдеуінше, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 57 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджеттен 13,3 млрд. теңге бөлініп отыр. Оның ішінде 43 нысанның құрылысы биыл аяқталады. Қалған 14 нысанда жүргізілетін құрылыс жұмыстары келер жылы тәмамдалады. Осындай шаралардың нәтижесінде су құбыры жоқ 17 елді мекен тұрғындары тіршілік нәріне қол жеткізбек. Олардың біреуі – Бәйдібек, алтауы –Сарыағаш, төртеуі – Келес, біреуі – Қазығұрт, төртеуі – Ордабасы, біреуі – Отырар ауданында орналасқан. Сонымен қатар 11 елді мекеннің тозығы жеткен ауыз су құбырлары жаңартылады. Олардың екеуі Бәйдібек, біреуі Қазығұрт, төртеуі Төлеби, біреуі Мақтаарал, біреуі Ордабасы, екеуі Түлкібас ауданында орналасқан.
Айта кетейік, бұдан-былай өңірімізде елді мекендерінің сапалы инфрақұрылыммен қамтылуына ауқымды мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Яғни шара барысында ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту саласы егжей-тегжейлі сараптамадан өтеді. Нәтижесінде облыс аумағындағы елді мекендердің инфрақұрылыммен қамтылу төлқұжаты әзірленеді. Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстары жауапты адамдарға жүктеледі.
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиевтің баяндауынша, басқарма тарапынан мониторинг жүргізу жөнінде хат «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казтрансгаз» АҚ ТӨФ, Су беруші мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға жолданды.
Сапалы табиғи газбен қамтылу барысына да, электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша да нормативтік талапқа сәйкес емес қосылған абоненттер саны, орнатылған трансформатордың қуаты, электр, орнатылған газ, су желілерінің техникалық жағдайы бойынша толық мәлімет алынады.
Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында атқарылатын жұмыстар да ауқымды. Биыл жалпы құны 51,5 млрд. теңгеге 66 нысан құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 46 нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Қалған нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі.
Нәтижесінде су құбыры мүлдем жоқ 18 елді мекен (Бәйдібек – 1, Сарыағаш – 7, Келес – 4, Қазығұрт – 1, Ордабасы – 4, Отырар –1) ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 12 елді мекеннің (Жетісай – 1, Бәйдібек – 2, Қазығұрт – 1, Төлеби – 4, Мақтаарал – 1, Ордабасы – 1, Түлкібас – 2) тозығы жеткен су жүйелері қайта жаңартылады. 2023 жылдың қорытындысымен 833 елді мекеннің 738 елді мекені ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.