gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайлық кәсіпкер сабын мен кір жуғыш ұнтақ шығаруда

24 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайлық кәсіпкер сабын мен кір жуғыш ұнтақ шығаруда
Share on FacebookShare on Twitter
Орта және шағын бизнесті дамыту – өңірдегі жұмыссыздықты жоюда, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, өңірлердің экономикасын тұрақтандыруда шешуші фактор. Сондықтан да еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне жан-жақты жағдай жасалып, Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы тарапынан да айрықша назар аударылып отыр. Осы тұрғыда қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жан-жақты қолдаулар жеке кәсіппен шұғылданамын, кәсібімді кеңейтемін деушілерге мол мүмкіндіктерді қарастырған.
Осы орайда Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов Асықата кентіндегі «Бегалы» жеке кәсіпкерлігінде болды.
2021 жылдың тамызында іске қосылған нысан бүгінде тәулігіне 2 мың дана кір сабын мен кір жуу ұнтағының құрғақ және сұйық түрлерінен 1 тоннаға жуық өнім өндіреді. Өндірілген өнімдерді Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарымен қатар Шымкент, Алматы, Түркістан және Ақтау қалаларына тапсырыс бойынша жөнелтіп отырады. Жергілікті 4 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған.
Шикізатты шет елден тасымалдайтын шағын цех басшысы Бауыржан Маханов алдағы уақытта тіс пастасы мен сусабын, кір жуғыштардың бірнеше түрін шығарып, кәсіпорынның қуаттылығын арттыруға ниетті. Ол үшін мемлекеттен қолдау, жеңілдетілген несие керек.
«Қазіргі уақытта кез-келген азаматтың кәсіп ашып, тірлігін бастауына, кәсібінің ауқымын кеңейтуіне мүмкіндігі зор. Бүгінгідей нарық заманында тынымсыз еңбек қана жоғары табысқа бастайтыны анық. Еліміздегі түрлі мемлекеттік бағдарламалар кәсібін жаңадан бастайтын және көлемін арттыратын тұрғындарды жетістікке жетелейтінін көрсетіп отыр. Ең бастысы – мемлекет тарапынан ұсынылған қолдауларды мүлт жібермей, жеңілдетілген несиелерді орынды пайдалана білу керек. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі», деді аудан басшысы.
Previous Post

Келес ауданында индустриялды аймақ құрылды

Next Post

Түлкібасты түрлендіруде тиянақты тірлік керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz