gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Бәйдібекте «Ауыл — ел бесігі» жобасымен 20-ға жуық көше жөнделеді

25 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл Бәйдібекте «Ауыл — ел бесігі» жобасымен 20-ға жуық көше жөнделеді
Share on FacebookShare on Twitter
Бәйдібек ауданында өткен жылы жалпы ұзындығы 73,1 шақырым облыстық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында елдімекендердегі ішкі көшелердің 6,8 шақырым жолы жөнделді. Сонымен қатар, биыл аталған бағдарламамен 3 елдімекендегі ішкі көшелердің 19,6 шақырымы (18 көше) жөндеуден өтеді. Бұл жайында брифингте Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінде аудан аумағындағы 17 елдімекен табиғи газбен қамтылған.
«2021-2023 жылдары аралығында 15 елдімекенді табиғи газбен қамту жоспарланған. Олар: Түйетас, Амансай, Талап, Сарыбұлақ, Жолғабас, Қазата, Ағыбет, Алғабас, Шақпақ, Бәйдібек ата, Кеңестөбе, Жиенқұм, Жоғарғы Боралдай, Тайманов, Теректі елдімекендері. Сондай-ақ, аудандағы 51 елдімекеннің 43-і (84,3 пайызы) орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Үш елдімекенде (Шаян, Сарқырама, Шақпақ) ауызсу жүйелерінің тозығы жетуіне байланысты қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сегіз елдімекеннің (Ағыбет, Шалдар, Бәйдібек ата, Кеңестөбе, Тайманов, Түйетас, Жамбыл, Мыңбұлақ) ауызсу жүйесін қайта құру жұмыстарына аудан бюджетінен қажетті қаражат қарастырылды», — деді аудан басшысы.
2022 жылы ауданда 55,8 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,7 млрд. теңгеге өскен. Сондай-ақ, былтыр ауданға 21,6 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылған. Ал аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35,6 млрд. теңгеге жетті.
Өткен жылдың қорытындысымен ауданда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 18 806 шаршы метрді құраған. Сондай-ақ, «Ұлттық жоба» аясында былтыр 1 992 азамат уақытша және тұрақты жұмыспен қамтылса, биыл 3 айда 1067 азамат жұмысқа орналасқан. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс» тапсырмасына сәйкес жылдық жоспар 301 адамды қамту болса, 366 адам жұмыспен қамтылды. Жаңа бизнес-жобаларды іске асыруға былтыр 80 азаматқа 98 млн. теңге мемлекеттік грант берілген.
Previous Post

Түркістанда «Саяси қуғын-сүргіннің сабақтары тарихи танымда орнығуы керек» атты дөңгелек үстел өтті

Next Post

Астанада Түркістан өңірі тарихынан сыр шертетін көрме ұсынылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz