gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Солтүстікке қоныс аудару бойынша Қазығұрт пен Төлеби аудандарында кездесулер өтті

25 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Солтүстікке қоныс аудару бойынша Қазығұрт пен Төлеби аудандарында кездесулер өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Солтүстік өңірлерден келген делегация мүшелері қоныс аударуға ниетті азаматтармен кездесулерін жалғастырып жатыр. Бүгін арнайы топ өкілдері Қазығұрт және Төлеби аудандарының тұрғындарымен кездесті.
Делегация құрамында «Отандастар қорының» сарапшысы Мыңбай Әлфараби, «TAUEKEL» ұйымының төрағасы Бурахан Дақанов, облыстық маслихат депутаты Жаңабай Ағабеков, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов болды.
«Теріскейдің жері құнарлы, егіншілікке өте қолайлы. Картопты мүлдем суармайсың деуге болады. Сонымен қатар, солтүстікте 70 мың оқушының 18 мыңы ғана қазақ сыныбында оқиды. Кей ауылдарда бірінші сыныпқа 4-5 ғана бала барғалы тұр. Қызмет көрсету саласында ешқандай бәсекелестік жоқ. Наубайхана, шаштараз, әсемдік салонын ашып, өз кәсібіңізді ашуға мүмкіндік мол», — деп түсіндірді Бурахан Дақанов.
Тұрғындардың құжат әзірлеу, өкімет тарапынан қарастырылған жәрдемақы жөнінде Нұржан Нұрашов толыққанды ақпарат берді. Оның айтуынша, көшіп барған отбасы мүшелерінің әрқайсысына бір рет 241 000 теңге, ал тұрғын үй алуына 4 млн теңге беріледі.
«Бүгінде «Серпін» бағдарламасы тоқтап қалу алдында тұр. Оның себептерінің бірі, солтүстікке бағдарламамен барған жас мамандар бірден үйрене алмайды. Оларға моральдік демеу беретін ата-аналардың рөлі өте маңызды. Ата-аналары оларға қолдау беріп, теріскейде қалуына себепші болуы керек. Одан бөлек, теріскейлік оқушылардың білім сапасы оңтүстік балаларынан жоғары. Сіздерде бір сыныпта 28-30 бала болса, бізде 5-7 оқушы болады. Демек, білім беру сапасы да ерекше болмақ», — деді Мыңбай Әлфараби.
Кездесу соңында Жаңабай Ағабеков теріскейге кешуге ниетті азаматтарды қолдап, солтүстікті көріп қайтуға ниетті азаматтар үшін алдағы уақытта тегін көлік ұйымдастыратынын жеткізді.
Previous Post

Түркістан облысының кәсіпкерлік саласы өкілдері Өзбекстан Республикасында тәжірибе алмасуда

Next Post

Кентауда «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша жолдар жөнделіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz