gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қаратауда «Елім-ай» дастанының 300 жылдығына орай тұғыртас орнатылды

31 мая, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қаратауда «Елім-ай» дастанының 300 жылдығына орай тұғыртас орнатылды
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Созақ ауданында даңқты батыр, әскери қолбасшы, ұлы жырау Қожаберген Толыбайұлының «Елім-ай» дастан жырының 300 жылдығына орай орнатылған тарихи тұғыртастың ашылу рәсімі өтті. Жиынға елімізге еңбегі сіңген қайраткерлер мен ардагерлер қатысты.
Салтанатты шараны «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталығы төрағасының бірінші орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Өмірзақ Озғанбаев ашып берді. Өз сөзінде академик осындай тәлімді, өнегелі істердің өскелең ұрпақ үшін маңызды екенін атап өтті.
Шара барысында Халықаралық «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қайырымдылық қорының төрағасы, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер ұйымының» төралқа мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараев, журналист, Солтүстік Қазақстан облысы «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарасбай Сүлейменов, Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков сөз сөйлеп, тарих беттерінде жазылған қасіретті жылдар туралы баяндады. Сондай-ақ бүгінгі ашылып жатқан ескерткіштің мақсатына тоқталды.
Тұғыртастың лентасын Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталығы төрағасының бірінші орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Өмірзақ Озғанбаев, ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Иран-Ғайып қиса, Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов пен Халықаралық «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қайырымдылық қорының төрағасы, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер ұйымының» төралқа мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараев бастаған ардагерлер тұғыртасты ашты. Сонымен қоса дәстүрлі әндер шырқалып, арнау айтылды.
Биыл қазақ халқының басындағы ең ауыр нәубет «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңінен сыр шертетін «Елім-ай» дастанына 300 жыл толып отыр. Үкімет қаулысының негізінде Мәдениет және спорт министрінің «2023-2025 жылдарға арналған мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, осы тарихи оқиғаны мәңгілік есте қалдыру үшін тарихи тұғыр тасты Шаян — Шолаққорған бағытындағы күре жолдың Қаратау асуында орнату жоспарланған. Осы бастама жүзеге асты.
Previous Post

Түркістан өңірінен саяси қуғынға ұшыраған 5184 азамат комиссияға ақтауға ұсынылды

Next Post

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасына қосымша ауылдық округтер қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz