gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Отырар ауданында 9 елдімекен табиғи газбен қамтылады

1 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл Отырар ауданында 9 елдімекен табиғи газбен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов айтты.
– Отырар ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2014-2017 жылдары автоматтандырылған газ тарату станциясы салынып, Шәуілдір елді мекеніне дейін 51,4 шақырым газ құбыры тартылған. АГТС арқылы 2025 жылға 34 елдімекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінде 22 елдімекенге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Көгілдір отынмен қамту ісі қарқын алып, бүгінгі таңда 12 елдімекен тұрғындары газбен қамтылған. Ал биыл 9 елдімекен табиғи газбен қамтылады. Олар – Темір, Арыс, М.Шойманов, Қарғалы, Отырар, Көкмардан, Шытты, Сарыкөл, Сырдария елдімекендері, — деді Сәкен Асылханұлы.
Сонымен қатар, биыл Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 12 елдімекенді газбен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. 2025 жылға газ құбырын тарту жұмыстарын аяқтап, ауданның жалпы газбен қамтылу көрсеткіші 99,6 пайызға жетеді деп көзделіп отыр.
Одан бөлек, 2022 жылы жергілікті бюджеттен 19,8 шақырым 26 көшеге және төртінші бюджеті есебінен ауылдық округтер 7 шақырым 15 көшеге ағымдағы, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ал биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 19,6 шақырым 10 ішкі көшеге және жергілікті бюджет қаржысы есебінен 24,3 шақырым 17 көшеге орта жөндеу жұмыстары жоспарланған. Осылайша, қанағаттанарлық дәрежедегі жолдар 305,4 шақырымға жетпек.
Айта кетейік, өткен жылы ауданд 18 657 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, былтыр құрылысы басталған Қоғам ауыл округі Талапты ауылындағы дәрігерлік амбулатория биыл пайдалануға беріледі.
Previous Post

Ордабасы ауданында мектеп ашылды

Next Post

Түркістан облысында балаларды мектепке тасымалдауға 30 автобус берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz