gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданындағы үш ауылға табиғи газ берілді

2 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданындағы үш ауылға табиғи газ берілді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды елді мекендердегі газға қатысты жобаларды жедел аяқтап, газдандыру жұмысын жандандыруды тапсырған болатын. Өңірде осы бағытта жұмыс жүруде. Бүгін Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округінің Жаңақоныс, Бесауыл, Жамбыл-1 елді мекендеріне табиғи газ берілді. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев елді мекендерге «көгілдір отынды» қосу рәсіміне қатысты. Аудан әкімі тұрғындарды қуаныштарымен құттықтап, ауыл-аймақты табиғи газбен қамту – өңірді дамытудағы негізгі басымдық екенін атап өтті.
– Жыл сайын Келес ауданындағы елді мекендер табиғи газға қосылып, жергілікті тұрғындар көмір мен отын жағудың машақатынан арылуда. Аудан қайта құрылғалы 14 ауылға табиғи газ берілсе, жыл соңына дейін 9 ауылды табиғи газға қосу жоспарланып отыр. Солардың қатарында, міне, бүгін Бесауыл, Жаңақоныс және Жамбыл-1 елді мекендеріндегі үйлерді табиғи газға қосып отырмыз, – деді Жәнібек Ағыбаев.
Аудан басшысы Бесауыл елді мекенінің тұрғыны Мұратбек Бектұрсыновтың шаңырағында болды. Шаңырақтағы 90-ға келген қарт әжейдің батасын алды. Жергілікті тұрғындармен тілдесіп, қуаныштарын бөлісті.
Жиынға қатысқан «QazaqGaz» ұлттық компаниясына тиесілі «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның жергілікті филиалының газ мамандары тұтынушылардан көгілдір отынды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрап, қауіпсіз пайдалану ережелері көрсетілген жадынамаларды таратты.
Айта кетейік, Келес ауданында 133 753 тұрғын, 83 елді мекен бар оның ішінде 60 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Яғни елді мекендердің 72,3%, тұрғындардың 94,4% газдың игілігін көріп отыр (бүгінгі таңда 14 361 абонент бар). Биыл Келес ауданы бойынша 9 елді мекенді табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Қошқарата ауылдық округі, Жаңақоныс, Бесауыл, Жамбыл-1 елді мекендері бүгін қосылып, Келес ауданы бойынша тағы 307 тұрғын үй табиғи газға қол жеткізіп отыр. Елді мекендерді табиғи газбен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жергілікті әкімдіктің тапсырысымен 2021 жылы басталған. Газға қосылу «Ғани Мұратбаев» газ тарату станциясы арқылы жүзеге асырылады.
Previous Post

Түркістанда «Елім-ай» дастанына 300 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

Next Post

Елімізде сирек кездесетін Перу лалагүлі Қазығұртта жайқалып тұр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz