Төлеби ауданында 22 ішкі көшені орта жөндеуден өткізуге 241 млн.тг., облыстық бюджет есебінен 232 млн. тг., 2 аудандық маңызы бар жол орта жөндеуден өткізу 50 млн қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. “Ауыл-Ел бесігі” жобасы аясында 2 елді мекеннің мекеннің 2 ішкі көшелерін орта жөндеуден өткізуге 60 млн қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 17 елді мекеннің 18 ішкі көшесін орта жөндеуден өткізу 433 млн қаржы қарастырылды. “Ауыл-Ел бесігі” бойынша 7 елді мекеннің 29 көшесін орта жөндеуден өткізуге 835 млн теңге бөлінеді.
Былтырғы жылы 4 елді мекенге 6,2 шақырым тас төселіп, 2023 жылы 2,4 млн теңге 1 елді мекеннің 0,5 шақырымына тас төселеді.
Сонымен қатар, былтыр 5,4 шақырымға аяқ жол салынса, биылғы жылы 2.8 шақырым аяқ жол салу жоспарлануда. Одан бөлек, 2023 жылы Жаңаұйым, Ұйымшыл, Мәдени елді мекендерінің 3,7 шақырымына су ағар (лоток) орнатуға 58,7 млн теңге қарастырылды.
Қазіргі таңда өңірімізде жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Айталық, Кентау қаласы мен Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың аралығында салынып жатқан жол аяқталуға жақын. Кенді шаһардан облыс орталығына барар жол 26 шақырымды құрайды. Жоба құны – 8 млрд. теңге. Айналма жол биыл пайдалануға берілмек. Айта кетейік, Кентау қаласында бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру үшін қызмет сапасы мен транзит жылдамдығын аттыратын жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Сауран ауданындағы Түркістан және Жамбыл облыстарының шекарасындағы «Құмкент–Шолаққорған–Ащысай–Р–31» автомобиль жолының құрылысы да кестеге сәйкес жүргізілуде. Орташа жөндеу жұмыстары былтыр басталған. Нысанды оcы жылдың қазан айында тапсыру жоспарлануда. Жоба құны – 1,9 млрд. теңге. Автомобиль жолының ұзындығы 31,3 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, Сауран ауданына қарасты «Кентау қаласы Құсшы ата елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолын» күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Былтыр басталған құрылысты 2023 жылдың маусым айында аяқтап, жолды пайдалануға беру жоспарлануда. Автомобиль жолының ұзындығы – 7,5 шақырым.
Жалпы Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 500 шақырымнан асады. Республикалық маңызы бар жолдың үлесі – 723 шақырым, жергілікті маңызы бар жол 5 755 шақырым және елді мекен көшелері 11 мың шақырымнан асады.2023 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 41,1 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 587 нысан немесе 1521,1 шақырым жолдар мен көшелерді қамту жоспарлануда. Жыл қорытындысымен 534 нысан, яғни 1237,2 шақырым жол пайдалануға беріледі деп көзделіп отыр.
Айта кетейік, жолдың сапасын Ұлттық сапа орталығы бақылауға алып отыр.