Келес ауданы бойынша жалпы 1 ауыл 11 ауылдық окург 83 елді мекен бар. 83 елді мекеннің 57-і ауыз сумен қамтылған. 7 елді мекен экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады. Ал, 19 елді мекен ауыз сумен қамтылмаған. Оның ішінде 1 елді мекенге жобалық-сметалық құжат (ЖСҚ) әзірленген. Атап айтар болсақ, Жамбыл ауыл округіндегі Майда Бозай елді мекені. Одан бөлек, 3 елді мекеннің сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) әзірленіп, ЖСҚ жасауға жобалаушы мекемені анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Атап айтар болсақ, олар Жүзімдік ауыл округіндегі Оңтүстік елді мекені, Ақтөбе ауыл округіндегі Г.Муратбаев және Қаратөбе елді мекендері.
11 елді мекенге жер асты су қорын зерттеу бойынша облыстық басқармаға ұсыныс берілді. Атап айтар болсақ, олар Ақтөбе ауыл округіндегі Жуантөбе, Ағжар, Жанадәуір, М.Горки, Көгерту, Қуйған, Қияжол, Есікқорған елді мекендері, Жүзімдік ауыл округіндегі Бірлесу, Ақсу елді мекендері, Бірлік ауыл округіндегі Қосөткел елді мекені.
2 елді мекенде қайта құру жұмыстарын жүргізу үшін жер асты су қоры зерттелуде. Атап айтар болсақ, олар Бірлесу ауыл округіндегі 28-гвардия, Берекелді елді мекендері. Қазіргі таңда осы бағытта салалық басқарма тарапынан тиісті құжат әзірленуде.
Алдыңғы жылы аудандағы елді мекен тұрғындарының ауыз сумен қамтылуы 75 пайызды құрады.2019-2021 жылдары жоспарланған құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп аяқталып қабылданған 9 нысанды айта кетейік. Олар:Біртілек ауыл округіндегі Біртілек, Амангелді, Көлтоған елді мекендері, Ақтөбе ауыл округіндегі Бозсу елді мекені, Жамбыл ауыл округіндегі Бекбота, Ащыкөл, Қалғансыр елді мекендері, Бірлік ауыл округіндегі Бірлік,Үшағаш елді мекендері.
Қазіргі таңда Келес ауданында 2021 жылдан 2022 және 2023 жылға өтпелі болған 4 нысанның, яғни 5 елді мекендегі құрылыс монтаждау жұмыстары жалғасын табуда. Атап айтар болсақ, олар Ақтөбе ауыл округіндегі Ынтымақ елді мекені, Бозай ауыл округіндегі Бозай елді мекені, Алпамыс батыр ауыл округіндегі Ақжол, Қауыншы елді мекендері, Біртілек ауыл округіндегі Игілік елді мекені.
Реті келгенде айта кетейік, өңірдегі 831 елді мекеннің 719-ы, яғни 86,5%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде 101 елдімекен ауызсуды бұлақ көздерінен, 11 елді мекен ашық су көздерінен пайдалануда. Қазіргі таңда жеке тұлғалар үшін ауыз судың орташа тариф құны – 64,97 теңге, бюджеттік мекемелер үшін – 125,3 теңге, өнеркәсіп және коммерциялық ұйымдар үшін – 129,5 теңге. Биыл 831 елді мекеннің 736-сын немесе 88,6%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.