gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда жаңа кітаптың тұсауы кесілді

8 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда жаңа кітаптың тұсауы кесілді
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында Созақ ауданының өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан Әбілқайыр Оспановты еске алуға арналған «Өмірім – өнеге болсын ұрпағыма» атты кеш өтті.
Рухани мазмұны мол жиынды айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков ашып, жүргізіп отырды.
Алқалы басқосуға Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Нұралы Әбішов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев, белгілі меценат Бекет Тұрғараев, сондай-ақ өңірдің зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және руханият жанашырлары қатысты.
Шара аясында Әбілқайыр Садырұлының ғұмырнамасынан сыр шертер көрме ұйымдастырылды. Онда кеш кейіпкерінің жеке құжаттары мен фотолары қойылды. Сонымен қатар, деректі фильм көрсетіліп, естеліктер айтылды.
Кездесуде Әбілқайыр Оспанов туралы жазылған «Бәйтерек» кітабының тұсауы кесілді. Естелік жинақтың авторы жазушы — Өтеш Қырғызбаев. Кітап 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Есею белестері» деп аталады. Онда Әбілқайыр Садырұлының өнегелі өмірі баяндалған. Екінші бөлімде замандас, әріптестерінің естелік әңгімелері топтастырылса, үшінші бөлімде кейіпкердің қаламынан туған өлеңдер жарияланған. Төртінші бөлімінде кітап кейіпкерінен өрбіген ұрпақ жайлы сыр шертілген.
Рухани кеш әсем әнмен, мәнді де мағыналы арнаулармен өрнектеліп, жиналған қауымға мол рухани әсер сыйлады.
Previous Post

Түркістанда «Алтын сақа» халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі өтеді

Next Post

Түркістанда 16-28 маусым аралығында халықаралық өнер фестивалі өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz