gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданында модульді-каркасты бассейндер орнатылып жатыр

13 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданында модульді-каркасты бассейндер орнатылып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы және ресми шомылатын жоқ елдімекендерге модульді-каркасты бассейндерді ұйымдастыру мүмкіндіктерін заң аясында қарастыруды аудан, қала әкімдеріне тапсырған болатын.
Берілген тапсырма аясында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ауыл, ауылдық округтерінің әкімдеріне нақты міндеттерді жүктеп, жергілікті кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді айтқан еді.
Нәтижесінде Келес ауданына қарасты елдімекендерде кәсіпкерлердің демеушілігімен арнайы модульді-каркасты бассейндер орнатылып жатыр. Атап айтқанда, Жүзімдік елдімекенінен кәсіпкер Асан Тілеуов каркасты бассейн орнатып, жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, аудан орталығынан Нұржан Ата ЖШС арнайы бассейн ашып, тұрмысы төмен отбасылардың тізімі беріліп, оларға тегін қызмет көрсетіліп жатыр. Алдағы уақытта Бірлік ауылдық округіндегі жалпы орта мектептердің алдына екі дана бассейндер құрылуы жоспарланған болса, Ошақты, Қошқарата ауылдық округінде кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, аталған шараның мақсаты – жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін сақтау, суға кету қаупін сейілту. Бүгінгі таңда аудан аумағындағы «Сая» ойын-сауық орталығындағы бассейн келушілерге қызмет көрсетіп келген болса, алдағы уақытта ауданға қарасты ресми шомылатын жоқ елдімекендерге арнайы бассейндер орнату көзделген.
Previous Post

Түркістан облысының прокуроры ірі кәсіпкерлермен кездесті

Next Post

Түркістандық балуандар самбодан Азия және мұхит аймағы чемпионатында 9 медаль олжалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz