gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Бизнеске жол» жобасы аясында 1064 кәсіпкердің құқығы қорғалды

14 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында «Бизнеске жол» жобасы аясында 1064 кәсіпкердің құқығы қорғалды
Share on FacebookShare on Twitter
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов мәлім етті.
Спикердің сөзінше, Агенттіктің бастамасымен биыл елімізде кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасы іске қосылған.
Жобаның негізгі мақсаты — кәсіпкерлерге түрлі құжаттарды рәсімдеу кезінде әкімшілік кедергілер мен әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.
Брифинг барысында спикер жұмыс күндері Департамент тарапынан кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін шешу жолдары қарастырылғанын атап өтті.
– Дүйсенбі күні сағат 15:00-17:00 аралығында Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес-қауымдастық өкілдерімен жеке қабылдау өткізіледі. Жоба басталғалы, яғни жыл басынан бері 1064 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Кәсіпкерлікке кедергі келтірген 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бизнес өкілдеріне жерді рәсімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, мемлекеттік қолдаулар, соның ішінде несиелер, гранттар мен субсидиялар алу кезінде кедергілер мен тәуекелдер ұшырасқан жағдайда, Агенттіктің 1424 орталығы тәулік бойы тегін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, Түркістан қаласы, Тәукехан даңғылы №100 мекен-жайында орналасқан Департаментке келіп хабарлауға болады, — деді Ержан Әліұлы.
Айта кетейік, мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметіне кез келген заңсыз араласуы, бизнес өкілдерінің жұмысына кедергі келтіруі, мемлекеттің саясатына жасалған кедергілер ретінде қабылданады.
Previous Post

Түркістан облыстық бірыңғай байланыс орталығы – тәулік бойы тұрғындармен бірге

Next Post

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік саласындағы 50 бизнес жоба талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz