gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

«MEKTEП OnLine» жобасының негізгі міндеті – оқушылардың ойлаған мақсаттарына жету жолында қолдау көрсету.

14 июня, 2023
in Білім, Жаңалықтар
0
«MEKTEП OnLine» жобасының негізгі міндеті – оқушылардың ойлаған мақсаттарына жету жолында қолдау көрсету.
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл инновациялық білім беру платформасы еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқушылардың назарын өзіне аударуда. Осы жылдар ішінде оқушылардың Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) алдындағы сенімсіздік пен толқу сезімдерін аз да болса жеңуге көмектесетін сенімді серіктеске айналды.

«MEKTEП OnLine» жобасы ұйымдастырушыларының арқасында оқушылар осы платформа арқылы оқудағы кедергілерді жеңуге көмектесетін мүмкіндікті тапты. Үш жыл көлемінде «MEKTEП OnLine» жобасы оқушылардың қазақ және орыс тілінде білімдерін шыңдап, шабыт беретін көмекшілеріне айналды.

Түлектердің  әңгімелерінде осы платформаның ҰБТ-ға дайындықтағы маңыздылығы туралы көптеген оң пікірлер айтылды. 11-сынып оқушыларының бірі өз тәжірибесімен бөлісті:

«Алда барлық түлектерді ҰБТ күтіп тұр. Мен бұл тестілеуге 10 және 11 сынып бойы дайындалдым, бірақ бәрібір алаңдаймын. Бүгінгі таңда «MEKTEП OnLine» жобасы арқасында мен өткен жылдардағы кез-келген тақырыпқа оралып, бірнеше минут ішінде барлық материалды еске түсіре аламын. Әсіресе геометрия, физика, химия сияқты күрделі пәндерді қайталап оқуда байқалады. Негізі,  мен өзіме, өз біліміме сенімдімін, дегенмен қорқыныш сезімдері бар».

«MEKTEП OnLine» жобасы ҰБТ-ға дайындалу үшін арнайы әзірленген бейне-сабақтарды ұсынып қана қоймай, оқушыларға жақсы оқуға көмектеседі. Платформаның негізгі ерекшеліктерінің бірі – күрделі ұғымдар мен заттарды түсініктіетіп талдайтын қысқаша бейне сабақтар. Мұны Талғар лицейінің оқушысы Ясмина растайды:

«Бүгінгі таңда«MEKTEП OnLine» жобасының бар болғаны қандай керемет. Мен осы бейне сабақтардың барлығын тыңдап шықтым.Берілген сабақтардың арқасында түсінбей жүрген тақырыптарды қайта қарап шықтым, енді өз күшіме сенімдімін. Алдағы тестке деген үрей сейілгендей болды. Сонымен бірге, оқу барысындағы ең керемет нәрсе ол дайындыққа бір сағат уақыт жетеді.  Себебі, «MEKTEП OnLine» арнасындағы сабақтардың ұзақтығы 15 минуттан аспайды. Ал, қалған уақытымды осы тақырыпты толық түсініп, бекіту үшін тапсырмалар орындаймын».

«МЕКТЕП OnLine» жобасы белгілі бір пәндерде қиындыққа тап болып, оқу үлгерімдері мен бағаларына кері әсері тиіп кетуі мүмкін оқушыларға да көмектеседі. Мына оқушының жазбасы осы жоба арқасында қиындықтарды қалай жеңгені туралы айтылады:

«Мен кейбір пәндер бойынша артта қалдым – геометрия, химиясабақтары мен үшін қиын болды. Бағаларым да онша жақсы болмады. Менің ата-анам қатты уайымдады. Себебі, мектеп бітіремін, алда ҰБТ, университетке түсу қажет. Кейін «МЕКТЕП OnLine» жобасын көрдім. Сабақтарды алты ай бойы үздіксіз қарадым және осы аралықта өз білімімді айтарлықтай арттырдым. Әсіресе, химия пәнінен үлгерімім жақсарды.Негізі 9-сыныпта өткен бірнеше тақырыпты қайтадан қарау керек екен, қазір барлығы түсінікті. Жүйе арқасында химия мен геометрия ғана емес, басқа да пәндер бойынша бағаларымды түзетіп алдым.

 

Соңғы сандар«MEKTEП OnLine» жобасының танымалдығы мен жетістігін растайды. 50 миллионнанастамкөрерменбейнесабақтарды қараған, ал жазылушылардыңжалпы саны 589 600-ден асты. Бұлсандар «МЕКТЕП OnLine»жобасыныңкең аудиторияалдындағы танымалдығы мен сенімінкөрсетеді.

Бүгінгі таңда «Samruk Kazyna Trust»әлеуметтік жобаларды дамыту қорының арқасында «МЕКТЕП OnLine»жобасы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық және білім беру бағдарламаларын іске асыруда. Бұл барлық балаларға сапалы білім алуғамүмкіндік береді.

Ары қарайда «MEKTEП OnLine» жобасы барлық оқушыларға қолжетімді және тиімді білім беруді жалғастыра береді. Егер сіз ҰБТ-ға дайындалуда және табысты оқуда сенімді қолдау іздесеңіз, біздің аудиторияға қосылыңыз және осы білім беру жобасының бір бөлігі болыңыз.

Қиындықтарды жеңу, біліміңізді арттыру және жетістікке жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. «МЕКТЕП OnLine» платформасын қарап, бейне сабақтар арқылы оқытудың қаншалықты тиімді және қызықты болатынына көз жеткізіңіз. «МЕКТЕП OnLine» жобасына қосылыңыз және дәл қазір жарқын болашаққа есік ашыңыз!

Оқушыларға және олардың ата аналарына бейне сабақтардың сілтемесін жолдаңыз:

https://mektep-online.kz/

https://www.youtube.com/@mektep_online_matematika

https://www.youtube.com/@mektep_online_geometriya

https://www.youtube.com/@mektep_online_himiya

https://www.youtube.com/@mektep_online_fizika

https://www.youtube.com/@mektep_online_biologiya

https://www.youtube.com/@mektep_online_geografiya_kz

https://www.youtube.com/@mektep_online_geografiya

https://www.youtube.com/@arman_kids_kz

https://www.youtube.com/@arman_kids

 

Previous Post

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік саласындағы 50 бизнес жоба талқыланды

Next Post

Түркістан облысында биыл бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz