gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 9 лагерь өз жұмысын бастады

14 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 9 лагерь өз жұмысын бастады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында балаларға арналған жазғы 9 лагерь өз жұмысын бастады.
Солардың бірі — Төлеби ауданына қарасты, Екпінді ауылында орналасқан «Біркөлік шатқалы» балалар лагері. 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан лагерьдің 250 балаға демалыс орны қарастырылған. Қазіргі таңда онда 250 бала болса, олардың 200-і Қазығұрт ауданынан, қалғаны еліміздің әр өңірінен келген балалар. Лагерьге 16 жасқа дейінгі балалар қабылданады. «Біркөлік шатқалы» балалар лагері 9 корпустан тұрады. Жаз бойы лагерьде 7 ауысым болады. Әр ауысымда 8 топ, екі тәрбиеші бар. Балалар бос уақытта бейімділігіне қарай шахмат, футбол, волейбол ойындарына қатысып, өздерінің қабілеттерін шыңдай алады. Күнделікті екі мезгіл іс-шара өтіп отырады.
Балалардың жазғы демалысын әсерлі, мәнді ұйымдастырудан бөлек, олардың қауіпсіз жағдайда демалуын қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Лагерьлердегі қауіпсіздікті бірнеше органдар қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі орталықтардың санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеріп, арнайы қорытынды берілген. Одан кейін төтеншеліктер өрт қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, балалардың суға шомылу қауіпсіздігі қарастырылған. Ал полиция органдары болса, лагерь аумағында қоғамдық тәртіпке жауапты.
Биыл жазғы лагерьлерде жалпы 2 000 баланы қамту жоспарланған. Көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына тегін жолдама ұйымдастырылған. Балалар күнделікті 4 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. 10 күндік демалыс кестесіне сәйкес жоспар бекітіліп, балалардың уақытын тиімді өткізу басқарма тарапынан бақылауға алынған.
Previous Post

Түркістан облысында биыл бастауыш сынып оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылады

Next Post

КТ және МРТ аппараты сақтандырылған мәртебесі бар кез келген адамға қолжетімді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz