Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйді жөндеу жұмыстары басталды. Бұған дейін 2014 – 2021 жылдары аралығында 211 көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры, кіреберістері, қасбеті, жертөледегі инженерлік жүйелері толығымен жаңғыртылған болатын. Жалпы, Кентауға қарасты 376 көпқабатты тұрғын үй бар. Кезең-кезеңімен осы баспаналарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.
2023 жылға Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 55 көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық бюджетті қалыптастыру барысында 1,57 млрд теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда аталған көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, көпқабатты тұрғын үйдің шатыры, кіреберістері, қасбеті, жертөледегі инженерлік жүйелері толығымен күрделі жөндеуден өтетін болады.
Осылайша Кентау қаласының әкімдігі жылыту маусымына дайындықты бастап кетті деуге болады. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Сариеваның айтуынша, Түркістан облысында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Облыста 1733 көпқабатты тұрғын үй бар. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 686 көпқабатты тұрғын үйдің 574-і жылыту маусымына дайын.
2448 бюджеттік мекеменің жылыту маусымына дайыны – 515. Өңірде 196 білім мекемесі, 245 денсаулық сақтау мекемесі, 12 спорт нысаны, 58 мәдениет нысаны қысқа дайын. Жұмыстар жалғасуда.
Облыс бойынша көмір отынының қажеттілігі 1 млн. 154 мың тоннаны құрап отыр. Оның ішінде коммуналдық – тұрмыстық қажетті-
лігі – 245,1 мың. тонна. Тұрғындар мен жылыжайларға қажетті көмір – 908,9 мың тонна.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, бюджеттік мекемелер көмір сатып алуды 2023 жылдың 15 тамызына дейін аяқтауы тиіс. Бүгінгі таңға облысқа тасымалданған көмір – 121,5 мың тонна (11%).