gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші орнатылады

14 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші орнатылады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістанда Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, Осман империясынан кейінгі кәсіби Республиканың негізін қалаған танымал мемлекет қайраткері, саясаткер және реформатор Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші орнатылмақ.
Бұл келісімге Түркістан қаласы әкімдігі мен Стамбұл қаласы Малтепе провинциясы арасындағы меморандум негізінде қол жеткізілмек. Ескерткішті орнату жұмыстарын Түркия Республикасы толық қаржыландыратын болады. Қазіргі таңда ескерткіш бой көтеретін орынжай белгіленіп жатыр.
Екі ел арасындағы достық қатынасты нығайту мақсатында Малтепе аймағының мэрі Али Кылыч бастаған бір топ түркиялық делегат Түркістанға келіп, қала әкімдігінің басшылығымен, сондай-ақ жергілікті зиялы қауым және БАҚ өкілдерімен кездесті.
Басқосуда Анадолы мен атажұрттың рухани-мәдени байланысын нығайту жайы сөз болды. Рухани мазмұны мол шарада түркі бірлігін ұлықтаған әндер орындалды.
Еске сала кетсек, Түркияның бірінші президенті Мұстафа Кемал Ататүрік 1881 жылы дүниеге келген. Ол Түркияны зайырлы, индустриялды ел етіп өзгерткен тұлғалардың бірі болды. Әлемдік деңгейдегі танымал тұлға 1938 жылы өмірден озған.
Previous Post

Жетісайдың қауынына сұраныс мол

Next Post

Президент реформасы агросаланы дамытуға серпін береді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz