gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Этносаралық қатынастар саласындағы медиасауаттылықты арттыру» атты семинар-тренинг өтті

21 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда «Этносаралық қатынастар саласындағы медиасауаттылықты арттыру» атты семинар-тренинг өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Түркістандағы «Ұлы Дала Елі» орталығында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Этносаралық қатынастар саласындағы медиасауаттылықты арттыру» атты семинар-тренинг өтті.
Жиынға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек модераторлық етті.
Аталған басқосуға басқарма басшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, қоғам белсенділері және қалалық, аудандық басылым басшылары, журналистер қатысты.
Семинарда сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Керімбек Мырзабаев жиынның маңыздылығына тоқталып, БАҚ өкілдерін алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Еркін форматта өткен семинарда «Тurkistan Media Holding» ЖШС басқарушы директоры Тельман Бейсен медиасауаттылық жайында әлеуметтік желідегі әрбір жазбаға жауапкершілікпен қарау керектігін айта келе, осындай семинарлардың берері мол екенін жеткізді.
Ал «Серпіліс» қоғамдық қорының президенті Бейсенкүл Нарымбетова оқырман алдындағы жауапкершілікті сезінудің ерекшеліктерін айтса, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Сейдулла Садықұлы этносаралық қатынастар жайына тоқталып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға қатысушылар өз ойларын айтып, ұсыныстарын білдірді. Шара соңында семинарға жиналған жұртшылыққа сертификаттар табыс етілді.
Previous Post

Кентау-Түркістан әуежайы бағытындағы жол аяқталуға жақын

Next Post

Сарыағаш ауданында 97 шақырым жол жөнделеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz