gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі тұрғындарды қабылдап, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады

30 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысының әкімі тұрғындарды қабылдап, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдау кестесіне сәйкес бірнеше тұрғынды өтініштері бойынша қабылдады. Онда бірқатар аудандардың тұрғындары аймақ басшысына көкейдегі сауалдарын айтып, жауап алды. Облыс әкімі мәселесін айтып келген түркістандықтарға нақты жауап беріп, жауапты сала басшыларына тапсырма берді. Қабылдауға басқарма басшылары, өтініш айта келген тұрғындар тұратын аудан, қала әкімдері де қатысты.
– Тұрғындардың ұсыныстары әртүрлі. Заңға сәйкес зерделеніп, тиісті жұмыс жүргізіледі. Бірқатарын шешуге уақыт керек. Халықпен тікелей диалог орнату, өтініштері мен талап-тілектерін тыңдау бағытында жұмыстар жалғасады, – деді Дархан Сатыбалды.
Тұрғындардың бірі Түркістан қаласынан Ерекше балалардың ата-аналар одағын ашу туралы ұсынысын айтты. Сондай-ақ қабылдауға жазылған келесі азаматтар өз кәсіптерін жандандыруға қол ұшын беруді сұрады. Тағы бірі жер телімін сұрады.
Қабылдауға жазылған өзге де азаматтар әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді көтеріп, заң аясында нақты жауаптар ала алды. Бірқатар мәселер бойынша жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеліп, тапсырмалар бойынша хаттама толтырылды.
Previous Post

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты жүйелі жүзеге асырылып жатыр

Next Post

Сайрам ауданында тозығы жеткен трансформаторлар мен электр желілері жаңартылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz