gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам ауданындағы Құтарыс ауылында 4 көшеге асфальт төселеді

29 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрам ауданындағы Құтарыс ауылында 4 көшеге асфальт төселеді
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Құтарыс ауыл округінің тыныс-тіршілігімен танысты. Округ әкімдігі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі ретінде бірқатар маңызды мәселелер шешімін тапқан. Алдағы уақытта 4 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүзеге асса, көрсеткіш 100 пайыз болады. Бұл – округтегі барлық көшесіне асфальт төселген үшінші ауыл округ.

Ал, Ақарыс ауылына 5,5 шақырым қашықтықта болса да елді мекеннің бір көшесі ретінде бекітілген «Авангард» аумағы орналасқан. Ордабасы ауданы, Аққойлы елді мекені шекарасында орналасқан бұл учаскеде 21 үй бар. Аудан әкімі А.Сәбитов осы учаскені елді мекен шегіне кіргізу жұмыстарын заң аясында жүргізу қажеттігін тапсырды.Одан бөлек, аудан басшысы ауыл округі тарапынан атқарылуы қажет маңызды мәселелергі тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

Манкент ауыл округінде де уақыт күттірмес өзекті мәселелердің қатарында тұрғындарды сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету, ішкі көшелерге асфальт төсеу мәселелері бар.

Айта кетейік, биыл облыста 743,6 шақырым жол мен көшеге, сондай-ақ, 6 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оған бюджеттен 28,4 млрд. теңге бөлініп отыр. Тарқата кетсек, биыл облыстық маңызы бар 424,6 шақырым жол мен 2 көпір, аудандық маңызы бар 94,4 шақырым жол мен 3 көпір, сондай-ақ, елді мекендердегі 220 көше мен 1 көпір жөндеуден өтеді.

Жалпы, Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы – 17 487,8 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар 723,1 шақырым жолдың 94,8%-ы, жергілікті маңызы бар 5 755,1 шақырым жолдың 89%-ы, елді мекендердегі 11 009,6 шақырым жолдың 62%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Previous Post

Түркістан облысында Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр?

Next Post

Дархан Сатыбалды: «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жұмысты жандандыру керек»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz