gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Кентауда «бірлік» атты көше бар

3 мая, 2023
in Қоғам
0
Кентауда «бірлік» атты көше бар
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылының халқы көпұлтты. 2014 жылы ауылдағы «Серафимович» атты көшенің атауы «Бірлік» болып өзгерді. Қазіргі таңда аталған көшеде қазақ, орыс, шешен, әзірбайжан, татар, еврей ұлтының өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде.
Түрлі ұлт өкілдерінен құралған көршілер бір-бірімен ағайындай араласып, бауырдай болып кеткен. Ата-бабалары тағдырдың жазуымен осында келіп қоныстанса керек. Содан бері ұрпақтан ұрпақ жалғасып, ауылға түбегейлі орныққан. Туған жері ауылдарын қатты жақсы көреді. Барлығы дерлік, қазақ тілінде сөйлейді. Балалары ауыл мектептерінде білім алса, кейбірінің балалары Отан алдындағы борышын өтеуге кеткен. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан көршілер елдің тыныштығы мен халықтың амандығын тілейді.
Ұлтқа бөлінбей ұйыса бірігіп тірлік істеу қашанда берекеге бастайды. Жүздеген ұлт пен ұлыстың басын қосып отырған Қазақстан атты шаңырақта татулық пен бірліктің, береке мен ізгіліктің шырағы маңызды.
Айта кетейік, Хантағы ауылы «Бірлік» көшесінде бүгінде 72 тұрғын үй бар. Көше орталық жылу жүйесіне қосылған. Сондай-ақ көше толық жарықтандырылған және жолдары асфальтталған.
Previous Post

Түркістандық жас теннисші халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Next Post

Түркістан театрында «Беу, қыздар-ай!» музыкалық комедиясы сахналанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz