gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданын кешенді дамыту шаралары жүйелі іске асып жатыр

11 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданын кешенді дамыту шаралары жүйелі іске асып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Келес ауданы осыдан 5 жыл бұрын өз алдына жеке дара аудан болып қайта құрылды. Орталығы – Абай ауылы, ауданда 1 ауыл, 12 ауылдық округі және 83 елді мекен бар. Бастапқыда аудан инфрақұрылымы кенжелеген, әлеуметтік нысандардың тозығы жеткен болатын. Жаңадан құрылған ауданды дамыту бағытында кешенді жоспарлар түзіліп, жүйелі жұмыстар атқарыла бастады.
Нәтижесінде өткен жылдар ішінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында аудан тұрғындарының елді мекен санымен алғанда 64,9% табиғи газбен, 75% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Сонымен қатар, сапалы электр қуатымен қамтылған ауылдар саны 75,9% жетті.
Өңірді дамытудың күретамыры автомобиль жолдары екені анық. Осыдан 5 жыл бұрын Келес ауданының ішкі көшелерінің қанағаттанарлық жағдайы 21% құраса бүгінгі таңда ол көрсеткіш 55 пайыздан асты. Жалпы ауданға қарасты аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы — 122,5 шақырым. Өткен жылы 2,5 шақырым «Жүзімдік-Ақсу» KGS-4 автомобиль жолын жөндеу жұмыстары және KXSG-31 «КХ-94 Бекбота-Ащыкөл» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 3,5 шақырым жолы орта жөндеуден өткізіліп, 83,5%-ға жетті. Биыл KXSG-31 «КХ-94 Бекбота-Ащыкөл» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 6,5 шақырым жолына орта жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған жағдайда 88,8%-ға жеткізу жоспарланып отыр.
Келес өңірінде тұратын азаматтардың дені ауылшаруашылығы саласында еңбек етеді. Биылғы 5 айда ауыл шаруашылығының өнім көлемі — 14 819,8 млн теңге болса, оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 12 327 млн теңгеге жетті. Диқандардың тындырымды істерінің нәтижесінде өсімдік шаруашылығының өндірісі — 2 397 млн. теңгені құрап, ауыл шаруашылығындағы өндірілген өнім 6300 тоннаға жетті. Сондай-ақ биылғы мамыр айында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12 572 бірлікті құрап, 13 373 адам жұмыспен қамтылған.
Previous Post

Түркістандағы жасанды көлі бар саябақтың құрылысы аяқталуға жақын

Next Post

Ерлан Қошанов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz