Әділетті Қазақстанды құру үшін бізге ең алдымен әрбір мемлекеттік қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сондықтан, ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетіп жүрген мемлекеттік қызметшілерге көпке үлгі ету құптарлық іс.
Жастар – еліміздің ең белсенді қозғаушы күші, қоғамның бір бөлігі. Олар жас мемлекетті өз білімімен, біліктілігімен, жасампаз еңбегімен, дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемге атын әйгілеуге тер төгуде. Сондай жас маманның бірі, жас мемлекеттік қызметші – Гүлдархан Мұрзанова.
Гүлдархан 2001 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Қазақ-орыс халықаралық университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылдан бастап Кентау қаласы әкімі аппаратында келісім шарт негізінде жұмыс жасап, тәжірибе жинайды. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.
«Мемлекеттік қызметші болу — біз секілді жастарды биік мақсаттарға ұмтылдырып, істеп жатқан жұмысымызды сапалы жүзеге асыруға жігерлендіреді, жоғары жетістіктерге жетуге ынталандырады. Сондықтан қәзіргі таңда жауапкершілік еселей түсті. Елге қызмет ету — бұл менің басты армандарымның бірегейі болатын» дейді жас мемлекеттік қызметші.
Айта кетейік, 2003 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп жариялаған қарар қабылдаған еді. Қазақстан бұл мерекені 10 жылдан кейін бекітті – 2013 жылы 23 маусым Қазақстанда да Мемлекеттік қызметшілер күні атанды. Ал, 2014 жылдан бастап бұл күн кәсіби мереке ретінде тойлана бастады.



