Кентау қаласы әкімдігінде қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті апталық жиын өтті. Онда төрт мәселе қаралды. Алғашқы болып қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы А.Баубек сөз алып, бөлімінің 5 айда атқарған жұмысы мен алдағы атқарылатын жұмыс жоспары жайында баяндады.
— 2023 жылдың 1-маусымына дейін бөлімге жалпы саны 876 өтініш түскен. Оның ішінде: 554 өтініш — Е-өтініш электронды порталы арқылы; 322 өтініш — E-license электронды порталы арқылы түскен.Жалпы 2006 жылдан бүгінгі таңға дейін 11 973 мыңға жуық азамат жер кезегіне алынған, — деді А. Баубек.
Қала басшысы кәсіпкерлік нысанда жер алып, арендалық мерзімі асып кеткен. Осы сәтке дейін бір іске қолданбаған жерлерді түгендеп мемлекетке қайтару қажеттігін тапсырды.
Мұнан кейін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы аясында Қысқа мерзімді кәсіптік оқытубойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Р.Егембердиева баяндады.
— 2022 жылы кәсіптік оқытуға шаштараз, тігінші, аспазшы мамандығымен 40 жұмыссыз азамат оқытылған. Биылғы жылға техникалық мамандықтар бойынша «Кентау Сервис» МКК-нан «Электргазымен дәнекерлеуші» — 12 адамға, «Электромонтер» — 12 адамға, «Жылу желілерінің жабдықтарын жөндеу жөнінде слесарь» -12 адамға, жалпы 36 адамға өтінімдер жинақталып, салалық басқармаға ұсынылған, — деді орталық басшысы Р. Егембердиева.
Кәсіптік оқуға ниет білдіруші жұмыссыздар 3 ай мерзімге оқуға жолданады. Оқу мерзімі аяқталған соң жұмыс беруші мекемеге тұрақты жұмысқа орналастырылады.
Қала әкімдігі аппаратының бөлім басшысы Ә.Елеусізов облыс және қала әкімдігінің хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысын мәлімдесе, 109 байланыс орталығының директоры тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-өтініштердің орындалу барысына тоқталды. Бүгінгі таңда жыл басынан бері орталыққа 8 428 – ға жуық өтініш келіп тіркелген. Оның орындалуы мен мерзімінен өткен шағымдарды баяндады.
Қала басшысы әрбір тұрғындар тарапынан келген арыз-өтінішке назар салып, уақытында жауап беруді тапсырды.
Айта кетейік, бүгінде Кентауда қаласы бойынша жалпы халық саны 99 308 адам, қала аумағы 52,7 мың га құрады. Қаланың құрамына 4 ауыл кіреді. Жалпы халықтың 37,4 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 35,4 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,3%, жастар жұмыссыздығы 5,9% құрады.
Кентау қаласының 2022 жылдың қорытындысы бойынша бюджет кірісінің 28,2 млрд. теңге жоспары 28,3 млрд. теңгеге немесе 100,3 % орындалды. Ал, бюджеттің шығыс бөлігі 28,3млрд. теңгеге яғни 99,3 % орындалды, 201,7 млн теңгесі игерілмеді.Жалпы өнім көлемі 70,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,0% құрады.