gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда тамақтан уланғандардың жағдайы бақылауда

29 июня, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда тамақтан уланғандардың жағдайы бақылауда
Share on FacebookShare on Twitter

Осы өткен жылы ғана еді ғой кентаулықтардың тамақтан уланғаны. Биыл осындай факті тағы қайталанып отыр. Бұл кімдерден кеткен қателік? Соған жауап іздейікші…

Толығырақ айтайық, өткен жылы Кентаудағы «Ризық-Рауаны» кафесінен тамақтанған 176 адам уланып, ауруханадан бір-ақ шыққан болатын. Жақында ғана, нақтырақ айтсақ, 27 маусым күні дәл осы жағдай тағы да қайталанды. Аталмыш дәмханадан тамақ ішкен 95 адамның уланғаны белгілі болды. Оның 41-і 14 жасқа толмаған жасөспірімдер болса, 3-еуі жүкті әйел. Қазір науқастар дәрігерлердің бақылауында. Абырой болғанда әйтеуір адам шығыны болған жоқ.

Әрине, бұлай деп өзімізді жұбатуымызға болмайды. Өйткені, бұрынғысында кешірім беріле беретін болсақ, келесі жолы жағдай бұдан да ұшығуы әбден мүмкін. Сондықтан, сала мамандары мұндай сорақылықтың алдын алуға кірісті.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар ЫСҚАҚОВ науқастардың Кентау қаласында орналасқан фаст-фуд қоғамдық тамақтану орнынан қазіргі дастарқанның дәміне һәм сәніне айналған чикен, суши сынды тез дайындалатын өнімдерді сатып алып, жеген. Аталған жағдай бойынша 28 маусым күні Кентау қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғалды.

– Тергеп-тексеру жұмыстары барысында нысан қазіргі таңда 46 орынды тамақтану орны ретінде ашылып, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, Кентау қалалық санэпидстанса  басқармасына 2023 жылдың сәуір айында қызметін бастау туралы хабарлама жіберген. Аталған тамақтану орнында адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп келтірудің, яғни жаппай тамақтан улану жағдайына осымен 3-ші рет жол беріліп отыр. Бұған дейін өткен жылдың тамыз айында 8 адам, қазан айында 168 адам уланған болатын. Аталған деректер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тарапынан заң аясында тиісті шаралар қабылданған. Бірінші жағдайда жеке кәсіпкерге 230 АЕК айыппұл салынып, құқық бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілген. Адамдар осы дәмханада екінші рет уланғанда ҚР Қылмыстық Кодексінің 304-бабы 1-бөлігімен Кентау қалалық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қылмыстық істің қаулысы негізінде СЭББ тарапынан жоспардан тыс тексеру тағайындалған. Тексеру барысында көптеген кемшіліктер анықталған, – деді Асқар Бекболатұлы.

Аталған қылмыстық іс 2022 жылы 30 желтоқсанда аяқталған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыға сәйкес, 2022 жылы 29 желтоқсанда аталған қоғамдық тамақтану орнының иесі күдікті ретінде танылып, оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы бар деп саналған. Алайда, асхана иесінің жәбірленушілермен татуласуына байланысты Кентау ҚПБ-нің қаулысымен қылмыстық іс тоқтатылған. Осыған байланысты, Кентау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан қоғамдық тамақтану орнының иесі – жеке кәсіпкер Ж.Тәжі-байұлына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс-құжаттар Кентау қалалық сотына жолданған.
Дегенмен, сот жеке кәсіпкерге қатысты нақты сол дерек бойынша тұлғаны күдікті деп тану туралы қаулының болуына байланысты іс тоқтатылсын деп қаулы шығарған. Осы үшінші жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексінің 304-бабы, 1-бөлігімен Кентау қалалық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Брифингте спикер тергеп-тексеру барысында анықталған кемшіліктерге де тоқталды. Атап айтсақ, нысанда өндірістік бақылау бағдарламасы жоқ және нысан қызметкерлері (аспаздар мен даяшылар) алдын ала профилактикалық медициналық тексеруден толық өтпеген. Жұмыс істейтін 20 қызметкердің тек 12-сінде ғана медициналық кітапша бар, шикізат пен өнімнің қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары толық емес. Өнімдерді сақтау кезінде олардың тауарлық көршілестігі сақталмаған, яғни ет өнімдері, құс еті мен сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, барлығы бір тоңазытқышта сақталған. Қызметкерлердің жеке және арнайы киімдерін, жеке заттарын сақтауға арналған орын қарастырылмаған. Сонымен қатар, жұмыртқаны сақтауға, жуып өңдеуге арналған арнайы ыдыс қарастырылмаған тауарлардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Мамандар қазір зертханалық зерттеуге алынған сынамаларды тексеруден өткізіп жатыр. Енді бұл іске сот нүкте қоятын болады.

Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Асылбек Өтебаев науқастардың барлығы 25-26 маусым күндері аталған дәмханадан пицца, чикен және суши алып жегенін айтады.

— Кентау қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне бүгінге дейін тағамдық токсикоинфекция диагнозымен 95 науқас қаралды. Олардың қатарында 3 жүкті әйел бар. Барлық науқастардың жағдайы тұрақты орташа ауырлықта. Қанағаттанарлық жағдайдағы 28 науқас амбулаторлы емге жіберілді, олардың 19-ы ересек, 9-ы бала, – дейді бас дәрігер.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов та «Тамақтан улану» бойынша арнайы жиын өткізді. Оған Кентау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ғ.Егембердиева, қала прокурорының орынбасары А.Абдуллаев, қалалық аурухананың бас дәрігері А.Утебаев, қалалық полиция бөлім басмшысының орынбасары Б.Янкин, қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Б.Нұрланқызы, қала әкімінің орынбасарлары мен тиісті бөлім басшылары қатысты.

«27-ші маусым күні Кентау қаласында «Тағамнан улану» диагнозы топтық аурушаңдығымен 93 жағдайды тіркелген болатын. Ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 41, ересектер – 52, соның ішінде жүкті әйелдер – 3. Қоғамдық тамақтану орнына барып тамақтанғандар — 45, үйінде тапсырыспен алдырғандар саны — 48. Болжамды жұқтыру көзі — белгісіз. Әзірге  негізгі күдікті тағам –чикен және суши.  Науқастардың  барлығының анамнезінде осы тағам пайдаланылғандығы күдікті ретінде көрсетілуде» деді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ғ.Егембердиева.

Аурухана түскен жәбірленуші науқастардың жағдай бірқалыпты. Барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында екенін қаланың бас дәрігері баяндап өтті.

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі нысанға тергеп тексеру жұмыстары басталғандығын қалалық полиция бөлім басшысының орынбасары атап өтті.

Осы жағдайға сәйкес, қалалық прокуратура тарапынан қаладағы барлық қоғамдық тамақтану орындарының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын тексеру бойынша қаулы әзірленуде екенін мәлімдеді.

Аталған дәмханада 2022 жылы тамақтан улану ісі тіркелген болатын.  Сол жағдайдан кейін дәмхана өз жұмысын 7 ай көлемінде тоқтатқан. Қоғамдық тамақтану орнының басшылығы жәбірленушілермен бітімгерлікке келіп, 50 адамнан аспайтын елеусіз нысан ретінде қайта жұмысын бастаған.

Қала басшысы қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі мен қалалық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына қаладағы тамақтану орындарының иелерімен шұғыл кездесу ұйымдастырып, арнайы мамандармен семинар өткізуді тапсырды. Аталған жайттар бойынша бүгінгі таңда құзырлы органдар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жағдай басшылықтың жіті бақылауында.

Дегенмен, «қоғамдық тамақтану орындарындағы санитариялық талаптардың қаншалықты орындалып жатқанын тексеру үшін міндетті түрде осынша адам тамақтан уланып, жапа шегуі керек пе? Уланып, денсаулығына нұқсан келгендердің бұдан да көп болуы мүмкін екенін ескерсек, екі жылда 300-ге жуық азаматтың улануына себеп болған бұл тамақтану орнының  басшысына қандай жаза қолданылмақ?» деген сауалдар көпті толғандырады.

Previous Post

Дархан Сатыбалды: «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жұмысты жандандыру керек»

Next Post

Түркістанда абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz