Кеншілер күніне орай Кентау қаласында мерекелік іс шара өтті. Жиынға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов кеншілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Кентау қаласының бой көтеруіне тікелей ұйытқы болға еңбек адамдарына деген құрметтің толастамайтындығын айтты. Ал, Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қабылан Елеусізов, Кентау қаласының құрметті азаматы, ардагер Исахан Жұмабаев, Қазақ Социалистік Кеңестік Республикасына еңбек сіңірген металлург құрметті атағының иегері, ардагер Әбілқайым Сатыбалдиев, Қазақ Социалистік Кеңестік Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қаланың құрметті азаматы Сейітжан Қамбаров, Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратша Төнтеков Кентау тарихына тоқталып, естеліктерімен бөлісті.
Іс-шарада жас өнерпаздар «Ағаларым», «Жасай бер, Кентау» атты әсем әндер орындады. Ерман Лесхан «Кенді қаланың кеншілері» атты арнауын айтты.
Іс-шара соңында көпшілік кеншілер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.



