gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келестегі апатты көпір қалпына келтірілді

13 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келестегі апатты көпір қалпына келтірілді
Share on FacebookShare on Twitter
Келес ауданындағы Ошақты ауылдық округі, Саңырау елді мекеніндегі апатты көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу керек екендігі жайында тұрғындар тарапынан өтініш түскен болатын.
Тұрғындардың мәліметінше, жауын-шашын салдарынан көпір тіреуіштерінің айналасы опырылып, қауіпті жағдайға жеткен. Мәселені қолға алу мақсатында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев шұғыл түрде апатты көпірді қалпына келтіруге тапсырма берді. Нәтижесінде аталған көпірге Келес аудандық «Келес қызмет» КММ-нің арнайы техникалары жұмылдырылып, ауыл тұрғындарының атсалысуымен көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
— Аудан басшысы дербес бөлім басшыларымен бірге Ошақты ауылдық округінің елді мекендерін аралап, түйіткілді мәселелерді көрген болатын. Саңырау елді мекеніндегі көпірдің жағдайын көрген Жәнібек Есенұлы апатты көпірді қайта қалпына келтіруге тапсырма беріп, бақылауға алды. Соның нәтижесінде қажетті техникалар жұмылдырылып, көпір қалпына келтірілді, — деді Ошақты ауылдық округінің әкімі Нұрмаханбет Нархозиев.
Еске сала кетсек, аудан әкімі Ошақты ауылдық округін аралау барысында 10-ға жуық мәселені көтеріп, шешу бағытында іс-шара жоспарын бекіткен болатын. Оның ішінде елді мекендерді көгалдандыру, көпірлерге қорғау шарбақтарын орнату, тұрғындарға кезекпен жер телімдерін үлестіру мақсатында қажетті шараларды атқару жұмыстары бар. Сондай-ақ, аудандағы Атақоныс және С.Саттаров ауылдарында егілген ағаштарды көгерту сынды мәселелер аудан әкімінің бақылауында.
Previous Post

Сарыағаш қаласындағы аялдамалар жаңартылып жатыр

Next Post

Түркістан облысында «Мансап орталықтары» құрылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz