gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Депутат Қазығұрттағы қос мектептің құрылысына бақылау жасады

13 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Депутат Қазығұрттағы қос мектептің құрылысына бақылау жасады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы Қазығұрт ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Абдиев жұмыс сапарымен барды.
Халық қалаулысы Қ.Абдалиев ауылдық округіне қарасты Амангелді елді мекеніндегі «Амангелді» жалпы орта білім беретін 150 орынға арналған қосымша мектептің құрылыс барысымен танысып, құрылыстың қалай жүргізіліп жатқандығына бақылау жасады. Кездесу барысында мердігермен және тапсырыс берушімен нысандарды салу процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады.
Аталған нысан құрылысы 2022 жылдың мамыр айында басталған, қаржының жетіспеушілігіне байланысты құрылыс тоқтап, биыл наурыз айында қаржысы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, депутат құрылысы жүріп жатқан Сарапхана ауыл округі, Майлыошақ елдімекеніндегі 200 орындық «А.Байтұрсынов» атындағы жалпы орта мектебіне де барды. Аталмыш білім ошағының құрылысын “ӨМІРЗАҚ» ЖШС жүргізуде. Құрылыс 2021 жылы басталған. Биыл желтоқсан айына дейін аяқталуы тиіс.
Мәжіліс депутаты қос нысанды аралау барысында құрылыстың бірқатар атқарылуы тиіс жұмыстарын атап өтті.
— Мектеп құрылысын осы жылдан кешіктірмеу керек. Бұл нысан партия тарапынан қазір толық бақылауда. Біздің сайлауалды бағдарламамызда дәл осы нысандарды енгізген. Осында келу мақсатымыз — жұмыстарды өз көзімізбен көріп, бақылауға алу, — деді Мәжіліс депутаты.
Сондай-ақ, Ерлан Абдиев құрылыс барысы қарқынды екенін, алайда сапасына да баса мән беру керектігін айтып, облыстық құрылыс басқармасына жұмыстарды қадағалауға алуды қатаң түрде тапсырды.
Құрылысы жүріп жатқан қос нысан да “AMANAT” партиясының бақылауында.
Previous Post

Арыстағы балық өсіретін шаруашылықтың жұмысы жанданып келеді

Next Post

Мақтааралдағы Үлгілі ауылының тұрғындары көпбалалы анаға 5 бөлмелі үй салып берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz