gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды кеден бекеттерінің құрылыс алаңдарында болды

16 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Дархан Сатыбалды кеден бекеттерінің құрылыс алаңдарында болды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Қазығұрт» кеден бекетінде болып, құрылыс барысымен танысты. Бүгінде мұнда ескі бекет жұмыс істеп тұр. Көлік кептелісі, өзекті мәселелер туындап отыр. Осыған байланысты 4,8 гектар жерге шекара бекетінің жаңа ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Әкімшілік ғимараты, өткізу бекеті салынуда. Құрылысы 2024 жылы аяқталмақ.
Жобаның басты мақсаты – бекеттің қызметін жақсарту. Қайта құрудан кейін кеден бекеттің аумағы ұлғайып, өткізу қабілеті артады. Сонымен қатар кедендік рәсімдеу процедураларының уақыты қысқарады. Орнатылған заманауи кедендік бақылаудың техникалық құралдары арқылы елімізге кіретін тауарлардың мөлшері мен сапасына терең талдау жүргізуге мүмкіндік туады. Облыс әкімі нысандарды аралап, шекарадағы өткізу пункттері еліміздің аса маңызды нысандар қатарында екенін атап өтті.
«Қапланбек» өткізу бекетін жаңарту жұмыстарымен де танысқан облыс әкімі шекарашылармен, мердігерлермен кездесті. Қауіпсіздіктің қатаң сақталып, құрылыстың мерзімінде аяқталуын тапсырды. Кедендегі мәселелерді талқылады. Аудан әкіміне, басқарма басшыларына тапсырмалар берілді. Шекаралық аймақтарды дамыту бағытында жұмыс күшейтіледі.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Қапланбек» кеден бекетін кайта құру және толық техникалық қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары басталды.
Previous Post

«Серпін» бағдарламасына құжат қабылдау жалғасып жатыр

Next Post

Жетісайда шағын цехтар саны артып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz