gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық оқушы «Ақылды сөмке» жасап шығарды

18 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістандық оқушы «Ақылды сөмке» жасап шығарды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістандық оқушы өзі жүретін «ақылды сөмке» жасап шығарды. Сөмкені иесі пультпен басқарып жылжыта алады. Қисық жол мен шоқалақтан да оңай өткізуге болады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағартау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Төрткүл» жалпы орта мектебінде оқитын Айтуар Советбек өзі ойлап тапқан сөмкені сабаққа ұстап, көпті таңқалдырды. Оған бұл ой мұқтаждықтан туған. Айтуар 1 жыл бұрын жол апатына түсіп, күрделі ота жасалады. Дәрігерлер ұзақ уақыт ауыр зат көтеруге тиым салады, тіпті кітап-дәптер көтеруге де болмайтынын айтқан. Сабақта қалғысы келмеген озат оқушы тығырықтан шығар жол іздеп тапты.
«Үйде жатып оқу қиын, қатарыңнан қалып қойғандай күй кешесің. Мектепке барайын десем денсаулығым жарамады, оқу-құралымды таситын бір адам керек. Ал үйдегілердің жұмысы бар, үнемі менің қасымда жүрмейді ғой. Сосын кітаптарымды тасу үшін пультпен жүретін сөмкем болса деп ойлап, оны алдымен қағаз, картоннан жасап көрдім. Пластмасса жәшігін одан басқа бірнеше материалды пайдаланып, тиімділігін тексердім. Ең бірінші сөмкем пластмассадан жасалды, кітап-дәптерлерімді салып мектепке дейін барамын. Ал сатыдан көтеруге сыныптастарым көмектеседі», — дейді Айтуар.
Айтуардың бұл идеясын анасы да қолдап, дизайннына мән береді. Ұлы ойлап тапқан тапқан сөмкенің сырт пішінін жасауға көмектескен. Қазір түркістандық оқушы жылжымалы сөмкені одан әрі дамыту үстінде, сатыдан өзі шығатын механизм жасап, өнімін сатылымға да шығару ойында бар.
Previous Post

Биыл Түркістан облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша 337 жоба жүзеге асырылуда

Next Post

Түркістан облысында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие бойынша 142 жастың жобасы мақұлданды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz