gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жапония делегациясына Түркістан облысына инвестиция салу жөнінде ұсыныс берілді

19 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жапония делегациясына Түркістан облысына инвестиция салу жөнінде ұсыныс берілді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістанға Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәртебелі мейманмен кездесіп, екіжақты байланыстарды нығайту жөнінде ой қозғады. Түркістанның тарихымен, қазіргі жағдайымен таныстырып, өңірге түрлі сала бойынша инвестиция тартуға шақырды.
– Түркістанға қош келдіңіз. Қасиетті шаһарда түркі әлеміне танымал тұлға Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі бар. Шаһарда қазақтың 21 ханы, көптеген билері мен сұлтандары мәңгі қоныс тапқан. Түркі әлемінің орталығы туризмге өте қолайлы. Өңіріміздің, Түркістанның тарихы жапон саяхатшыларын қызықтырады деп ойлаймын. Жапония азаматтарын саяхаттауға шақырамын. Бүгінгі кездесу екіжақты байланыстарды нығайтуға оң серпін береді деп сенемін. Сіздерге білім, кәсіпкерлік және өзге салаларда әріптестік орнатуды ұсынамыз. Арнайы экономикалық аймақта өндірісті дамытуға жағдай жасалған. Инвесторларға қолдау көрсетіледі. Жапония мемлекеті мен Түркістан облысы арасында сауда-экономикалық, инвестициялық әріптестік орнату тиімді боларына сенімдімін, – деді Дархан Сатыбалды.
Жапония елшісі екі мемлекет арасындағы достық байланыс өте жоғары деңгейде екеніне тоқталды.
– Арнайы қарсы алғаныңызға алғысымды білдіремін. Астанадағы елшілер, әріптестердің көбі Түркістанды аралап үлгерді. Мен сәл кештеу кеп тұрмын. Қала ұнады. Сәулет өнеріндегі озық үлгілер қолданылған екен. Инвестиция салу, ІТ университет ашу жөніндегі ұсыныстарыңызды еліміздегі бизнес өкілдері мен білім саласындағы азаматтарға жеткіземін. Әріптестікті нығайтуға күш саламын, – деді елші.
Оның айтуынша, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұрынғы КСРО аумағына 560 мыңнан астам жапон азаматы жер аударылған. Оның біразы қаза тапқан. Жапония мемлекеті ұзақ жылдардан бері жат елде қалып қойған отандастарының зиратын тауып, сүйектерін туған еліне қайтаруда. Түркістан облысында да жапониялық тұтқындардың жерленгені туралы деректер бар.
Түркістанға Жапония делегациясы құрамында келген Денсаулық сақтау, еңбек министрлігінің және соғыста қаза тапқан жапон әскерлерін іздеумен айналысатын қауымдастық өкілдері Кентау қаласында зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Архив құжаттары мен деректерге сүйеніп, жапониялықтар жерленген зираттарды анықтамақ.
Кездесуде осы мәселе де талқыланды. Қос тарап гуманитарлық бағытта да байланысты нығайтуға уағдаласып, естелік сыйлықтар алмасты.
Previous Post

Мақтааралдық делегация инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Өзбекстанға барды

Next Post

Созақтық шаруа қымыран сатып, түйе түлігін 500-ге жеткізіп отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz