gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Созақ ауданында қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр

24 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Созақ ауданында қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кентіне барып, «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандығында жүріп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын бақылады.
Онда сала мамандары мен жауапты бөлім, мекеме басшыларына дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтап, сапалы атқаруды тапсырды.
– Алдағы жылыту маусымына жан-жақты дайын болуымыз керек. Бұған дейін өткен жылы кездескен кейбір кемшіліктер сарапталып, орнын толтыру мақсатында жылыту маусымына қатысты іс-шаралар жоспары бекітілді. Кент округтердегі орталықтандырылған жылу қазандықтарына қатысты қажетті шараларды қабылдап, бар мүмкіндікті қарастырып бердім. Енді тек қана жұмысты үйлестіріп, тұрақты әрі сапалы түрде атқару керек. Басты мәселе халықты маусымында сапалы жылумен қамту, — деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы осы бағыттағы жұмыстары тікелей бақылауында ұстайтынын айтты.
Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәулет Құдайбергеновтің айтуынша, бірқатар тұрғын үйлерде қора-жай мен көлік тұрақтарына дейін жылу жүйелерін орнатылғаны анықталған. Осы ретте түсіндіру жұмыстары да қолға алынып, кіргізген жылу жүйелерін қырқу жөнінде ескерту шаралары жүріп жатыр дейді.
Айта кетейік, бұған дейін Таукент кентінің жылу жүйесіне (жылу трассасына) техникалық тексеру жұмыстарын жүргізу үшін «Standard A» ЖШС-мен келісім-шарт түзілген. Аталған мекеме тарапынан жылу жүйесіне техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы алынды. Бүгінгі таңда анықталған кемшіліктер бойынша Таукент кентіне жылу беруші мекеме «Шолаққорған-Су» МКК-на тиесілі жылу қазандықтарын ағымдағы жөндеуге сметалық құжаттама әзірленіп, қаржысы қаралды. Жөндеу жұмыстары толықтай басталып, бұған дейінгі осал тұстары жойылып жатыр.
Previous Post

Түркістан облысында тауарлы балық өсірумен 156 кәсіпкерлік субъектісі айналысады

Next Post

Түркістан облысының делегациясы кәсіпкерлікті жандандыру мақсатында өзбекстан республикасына іссапармен барды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz