gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Санитарлық тазалық жұмыстарын нашар жүргізген басшылардың жауапкершілігі қаралмақ

24 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Санитарлық тазалық жұмыстарын нашар жүргізген басшылардың жауапкершілігі қаралмақ
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысындағы аудан, қалаларда абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары нашар аудан, қала әкімдерінің осы салаға жауапты орынбасарлары мен ауыл округінің әкімдеріне тәртіптік шара қолданылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен, аудан, қалалардағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жол бойындағы үйлердің қасбеттерін және қоршауларын ретке келтіру бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Тапсырманы орындау үшін облыс әкімдігі аппаратының бас инспекторлары зерделеу жұмыстарын жүргізіп, кемшіліктерді анықтауда. Оның қорытындысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында баяндалды. Тазалық жұмыстары тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған әкімдер қатаң сынға алынды.
– Санитарлық тазалық мәселесі біраз уақыттан бері айтылып келеді. Тапсырмалар берілді. Бірақ бұл саладағы жұмыста әлі де бірізділік жоқ. Жүйелі жұмыс керек. Тазалық бар жерде ғана береке болады. Елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалығын сақтау жұмыстары жалғасуы тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Мадияр Әліповтың баяндауынша, анықталған кемшіліктер елді мекендерді жалпы ретке келтіру жұмыстары бірқатар аудан, қалада өз деңгейінде орындалмай отырғандығын көрсетті. Атап айтқанда, аудан, қалалардағы кей ғимараттардың сыртқы келбеті ескірген. Ағаштар қурап, ретсіз шашылған қоқыс көбейген. Кей демалыс орындары күтімсіз қалған. Ойын алаңшаларының қоршаулары қираған. Қараусыз қалған ғимараттардың қасбеттері ретке келтірілмеген. Арық-атыздар тазаланбаған. Жол белгілері ескірген, сынған.
Кемшіліктерді ретке келтіруге уақыт берілді. Алдағы уақытта кемшіліктерге жол берілген жағдайда аудан, қала әкімдерінің жауапкершілігі қаралады.
Previous Post

Түркістан облысының делегациясы кәсіпкерлікті жандандыру мақсатында өзбекстан республикасына іссапармен барды

Next Post

Колледждер 15300 грантқа талапкерлерді қабылдап жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz