gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Аудан әкімдері кәсіпкерлікті жандандыру мақсатында Өзбекстанның кәсіпорындарына барды

24 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Аудан әкімдері кәсіпкерлікті жандандыру мақсатында Өзбекстанның кәсіпорындарына барды
Share on FacebookShare on Twitter
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екендігін атап өткен болатын. Осы мақсатта, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындаруын құру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.
Берілген тапсырма аясында Келес, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш және Жетісай аудандарының әкімдері көрші Өзбекстан Республикасына іссапармен барып, ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Сондай-ақ делегация құрамында облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов және өңір кәсіпкерлері де бар.
Сапар аясында екі ел арасында тәжірибе алмасып, зауыттар, фабрикалар ашу және инвестиция тарту мақсатында кездесулер өтіп жатыр. Осы ретте, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев көрші елге жасаған сапардың мақсаты жайлы айтты.
«Іссапар барысында Өзбекстан Республикасының Сырдария облысында 190 гектар аумақта орналасқан «Пег Ченг» компаниясының зауыттарымен және мақта алаңымен таныстық. Одан бөлек, тері илейтін зауыт пен әйелдерге арналған аяқ киім зауытының жұмысын көріп келдік. Кездесу кезінде кәсіпорын иелерімен тәжірибе алмасып, іскерлік қарым-қатынас жасауға уағдаластық. Сонымен қатар, мәрмәр тастан әр түрлі бұйымдар жасайтын зауыт пен сантехника бұйымдарын жасайтын кәсіпорындардың да жұмысын қарап шықтық. Көрші елдің кәсіпкерлерінен үйренеріміз көп. Алдағы уақытта осы секілді кәсіпорындарды ауданымыздан ашуға күш саламыз», — деді Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы.
Өңірден шыққан делегация 300-ден астам кәсіпорындарды аралауды жоспарланған. Ендігі кезекте облыстағы кәсіпкерлер көрші елдің әлеуетін, тәжірибесін негізге ала отырып, өңіріміздегі кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтуді мақсат етіп отыр.
Previous Post

Түркістан облысында экотуристер саны екі есе артып отыр

Next Post

Түркістан облысында жылыту маусымына дайындық жүргізіліп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz