gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Партиялық бақылау комиссияларының атқаратын жұмыстары мен міндеттері нақтыланды

25 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Партиялық бақылау комиссияларының атқаратын жұмыстары мен міндеттері нақтыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық, аудандық, қалалық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау Комиссиялары төрағалары, мүшелері мен облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы, мүшелерінің қатысуымен семинар өтті. Еркін форматта өткен басқосу мақсаты партиялық бақылау комиссияларының атқаратын жұмыстары мен міндеттерін нақтылау, тәжірибе алмасу. Семинарды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Үмбетәлиев Алтынсары Дүйсенбекұлы жүргізді.
Семинар отырысына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Алмас Салимов, облыстық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы Уалихан Рахиев және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 1 мәселе талқыланды. Ол партиялық бақылау комиссияларының атқаратын жұмыстары мен міндеттерін нақтылап алу, тәжірибе алмасу.
Еркін форматта өткен семинарда аудандық, қалалық Комиссиялармен атқарылатын жұмыстардағы негізгі мақсаттары мен міндеттері жөнінде, Комиссиялармен атқарылатын жұмыстарды БАҚ-да және әлеуметтік желілерде орналастыру бойынша және Созақ, Бәйдібек аудандарының партиялық бақылау комиссиясымен жүргізілген жұмыстар бойынша баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, семинар соңында партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Алмас Алтайұлы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы Уалихан Рысбекұлы сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы, семинарға қатысушыларға партияның Орталық Аппаратынан келген хаттамалық тапсырмалармен таныстырды.
Сондай-ақ , партия төрағасы барлық бақылау комиссиялары төрағаларына тұрақты түрде отырыстарда Жол Картасына енген өзекті нысандар бойынша қарауды, Комиссия төрағаларының БАҚ-да сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізулерін күшейту, тиісті мекемелермен бірлесіп семинар кеңестер мен дөңгөлек үстелдер өткізуді және бақылау комиссияларының кемінде тоқсанына бір рет міндетті түрде отырысын өткізіп отыру сынды бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Previous Post

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері талқыланды

Next Post

Сарыағашта салынатын медициналық кешеннің жүзеге асуы жіті бақылауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz