gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданында екі елді мекен табиғи газға қосылды

26 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданында екі елді мекен табиғи газға қосылды
Share on FacebookShare on Twitter

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Келес ауданы Бәйтерек және Жамбыл-2 елдімекендерін табиғи газға қосты.
Тұрғын үйлерге газ жеткізу салтанатына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров, Түркестан облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысынын орынбасары Роза Сариева, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, БАҚ өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Бұл ауылдарды табиғи газбен жабдықтау үшін газ құбырлары 2021 жылы салына бастады. Табиғи газ Байтерек, Жамбыл-2 елдімекендеріне Ғани Мұратбаев атындағы газ тарату станциясынан (ГТС) көгілдір отынды жеткізу үшін 25 шағырымнан аса газ құбыры төселіп, 2 дана газ реттеу пункті, 414 дана газ реттегіш шкафты пункт орнатылды. Бүгінгі шараның арқасында 544 тұрғын үйді табиғи газға қосу мүмкіндігі бар.
Тұрғындарды бүгінгі қуанышымен құттықтаған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров, газ мамандарының басты міндеті – әр шаңыраққа жылу мен қуаныш сыйлау екенін атап өтті.
— Табиғи газдың өзге отын түрлеріне қарағанда артықшылықтары айтарлықтай көп. Көгілдір отын — адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігін айтарлықтай жеңілдететіні рас. Дегенмен, тұтынатын табиғи газымыз адамдардың өміріне қауіп төндірмес үшін оны тұрмыста пайдалану талаптарын қатаң сақтау қажет. Бұл сіз бен жақындарыңыздың денсаулығы мен өмірі үшін маңызды жайт, — деді Б.Асқаров.
Ал ауыл тұрғындары көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізгендеріне дән риза. Мәселен, алғашқылардың бірі болып табиғи газға қосылған жергілікті тұрғын Қалампыр Кенжебаева “Табиғи газдың келгеніне өте қуаныштымыз. Себебі, біраз машақаттан құтыламыз! Қыста от жағып, күл шығармаймыз. Тамақты да дайындау үшін газ үйге кіріп тұр”,-дейді.
Газ мамандары тұтынушыларға табиғи газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау мен газды үнемді пайдалану ережелері жазылған ескертпе-парақшаларын таратты.
Жалпы, Түркістан облысы Келес ауданындағы 83 елді мекенде 133 753 тұрғын тұрады. Бүгінгі күні ауданда 65 елдімекен табиғи газбен қамтылған, яғни елдімекендердің 78% -ы «көгілдір отынның» қызығын көріп отыр. Аудан бойынша абонент саны — 14 629.
Биылғы жылы Келес ауданы бойынша тағы 6 елдімекенді табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде ауданның экологиялық тазалығын қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарын жылыту маусымында көмір жағып, күл шығару машақатынан құтқарады.

Previous Post

Сарыағашта салынатын медициналық кешеннің жүзеге асуы жіті бақылауда

Next Post

Шардара су қоймасын шөгінділерден тазарту жұмыстары басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz