gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

26 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Дархан Сатыбалды «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасымен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасовамен кездесті. Кездесу барысында Ұлттық пошта операторының қызметі, даму стратегиясы және басым бағыттары талқыланды. Компанияның Түркістан облысында газет-журнал жеткізу бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту, оның ішінде пошта байланысы операторының қызметтерін автоматтандыру жөніндегі жоспарлары айтылды. Сондай-ақ тараптар Түркістан облысындағы Ұлттық пошта операторының жобаларын цифрландыруды дамыту бағытындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Компанияның даму стратегиясымен таныстырған Әсел Жанасованың айтуынша, «Қазпошта» жаңа бағытқа бет бұрып, сандық технологияларды енгізумен, онлайн-қызмет түрлерін дамытумен айналысуда. Ол қаржылық жағдайды оңалту, әлеуметтік банкті дамыту және қаржылық қызметтердің рөлін күшейту – «Қазпошта» жұмысының басым бағыттары екенін атап өтті. Сонымен бірге инфрақұрылымдар базасында мемлекеттік қызметтерді ұсыну мүмкіндігін кеңейту, электронды коммерция мен халықаралық сәлемдемелерге баса мән бере отырып, дәстүрлі пошта бизнесінің тиімділігін арттыруға күш салынған. Басқарма төрағасы аймақтардағы пошта операторы жұмысының әлеуметтік маңыздылығына, Түркістан облысының мүмкіндіктеріне тоқталды.
Өз кезегінде өңір басшысы ұлттық пошта байланысының операторының аймақтағы даму мүмкініктері мен пошта байланысы саласындағы инновациялық және цифрлық технологияларды енгізу бастамаларына қолдау болатынын атап өтті. «Қазпошта» АҚ логистика, пошта, қаржы және агенттік бағытында халыққа қызмет түрін көрсетеді. Түркістан облыстық филиалында 1173 қызметкер жұмыс атқарады. Оның ішінде 326 қызметкер – пошташы.
Сонымен қатар ауылдық елді мекендерде зейнетақылар мен жәрдемақыларды, жалақыны төлеу, төлемдерді қабылдау, бойынша үздіксіз жұмысты қамтамасыз етіп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы мемлекеттік қызметтерін ауылдық пошта бөлімшелерінде ұсынады. Осы ретте, Түркістан облысында «Қазпошта» тарапынан салынатын заманауи ХАБ әрі инновациялық пошта терминалы әлемдік стандарттарға сәйкес болады деп жоспарлануда. Кездесуде осы бағытта да келіссөздер жүргізілді.
Previous Post

Шардара су қоймасын шөгінділерден тазарту жұмыстары басталды

Next Post

Мал сою бекеттерін ретке келтіру жолдары талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz