gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібаста 10 жылдан бері салынып жатқан тоннельдің құрылысы биыл аяқталады

28 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түлкібаста 10 жылдан бері салынып жатқан тоннельдің құрылысы биыл аяқталады
Share on FacebookShare on Twitter
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов мәлім етті.
– Түлкібас – таулы аудан. Қысы қатал, қар қалың түседі. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автожолының бойында жерасты тоннелінің құрылысы 2013 жылы басталған болатын. 10 жылдан бері салынып жатқан тоннелдің құрылысы аяқталуға жақын. Мамыр айында облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы Түлкібас ауданына жұмыс сапары барысында осы Шақпақ баба ауылындағы жерасты жолының құрылысымен танысып, құрылысқа қатысты мемлекеттік орган басшыларына жобаны қадағалап, соңына дейін жеткізу керектігін айтқан еді. Жобаның жалпы құны — 8,5 млрд теңге. Тоннельдің ұзындығы — 840 метр, ені — 13. «Тараз-Шымкент» бағытында бұрғылау-жару жұмыстары мен монолитті бетон құрылысы толығымен аяқталған. Жол төсемі мен дренаждық құрылғы үшін дайындық жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда электр жарығымен қамту жұмыстары атқарылып жатыр, — деді Нұржан Жақсылықұлы.
Жерасты жолы бұл жерге бекерден бекер салынып жатқан жоқ. Бұл — «Күйік асуы» секілді «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трассасының ең қауіпті тұсы. Тау жоталарының арасы үнемі азынап тұрады. Үскірік жел жеңіл көлік түгіл, ауыр техникаларды да бел ортасына дейін көміп тастайды. Тоннель осындай жол азабын жеңілдету үшін салынып жатыр.
Аудан әкімінің айтуынша, оң тоннель бойынша, яғни «Шымкент-Тараз» бағытында бұрғылау, сондай-ақ 345 метр монолитті бетон салу жүргізілген.
Жоспарға сәйкес, ауқымды жерасты тоннелінің құрылысы 2023 жылдың қараша айында толық аяқталмақ.
Previous Post

Түлкібаста «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 110 млн теңгеден асатын 22 жоба қаржыландырылды

Next Post

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» атты дәстүрлі акция өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz