gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының туристік әлеуетін насихаттау бойынша ақпараттық тур басталды

31 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысының туристік әлеуетін насихаттау бойынша ақпараттық тур басталды
Share on FacebookShare on Twitter
Облыстық мәдениет және туризм басқармасы және оған қарасты «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығынан құрылған 3 ақпараттық топ өңірдің туристік әлеуетін насихаттау және тәжірибе алмасу жұмыстарын бастады. Арнайы делегация «Welcome to Turkistan – 2023» тақырыбында Өзбекстанның Ташкент қаласы, Ташкент облысы, Қазақстанның Ақтау, Атырау, Орал және Ақтөбе облыстарында туризм саласының өкілдерімен кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізеді.
Осы мақсатпен бүгін облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Ботагөз Мәуленова және бас маманы Шыңғыс Жұмахан Маңғыстау облысының ірі мұнай компанияларының бірі «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Жұбаназаровпен кездесті. Жүздесуде маңызды мәселелер талқыланып, Түркістан облысының туристік әлеуеті ұсынылды. Нәтижесінде екі жақты меморандумға қол қойылды.
Келіссөз барысында 50-ге жуық компания қызметкері Түркістан өңірінде саяхаттайтын болып келісілді. Бүгінгі кездесуде «Сарыағаш» ЕОК» шарттар жасасу және жолдамаларды сату жөніндегі өкілі Роман Турханов та іс-шараға белсене қатысты.
Айта кетейік, алдағы уақытта Түркістан облысының туризм саласын ілгерілету бойынша Өзбекстан Республикасы және Қазақстанның өзге де облыстарымен іскерлік қарым-қатынас одан әрі нығаяды. Ақпараттық турдың негізгі бағдарламасы 31 шілде күні басталады.
Previous Post

Кентау қаласының мәдениет күндері этноауылда жалғасты

Next Post

«Өнерлі өлке» фестивалі аясында Кентау қаласының мәдениет күндері өз мәресіне жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz