gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында заңсыз құм карьерлерінің жұмысы тоқтатылды

30 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында заңсыз құм карьерлерінің жұмысы тоқтатылды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында, атап айтқанда Арыс қаласы мен Шардара ауданында заңсыз құм карьерлерінің жұмысы тоқтатылып жатыр. Соның бірі – аймақты кесіп өтетін Сырдария өзенінің бойынан құм тасыған компаниялар енді қалпына келтіру жұмысын жүргізеді. «Пантокрин» компаниясы ерекше қорғаудағы аумақтан заңсыз құм тасып келген. Нақты шығын әлі есептеліп жатыр.
«Сырдария-Түркістан» өңірлік паркі орман бөлімінің меңгерушісі Мансұрбек Бурханбаевтың айтуынша, Арыс қаласында тағы 2 заңсыз жер қорғау аймағында шекаралас тұрған аймақта жұмысын тоқтатты.
Табиғатқа залал келтірген мекеме енді қазған жерді тегістеумен айналысады. Бұл процесс тікелей мамандардың бақылауында болады. Табиғат сақшылары тоғай маңы ерекше қорғауда екенін ескертетін белгілер мен бөгде көліктер кірмеуі үшін шлагбаум орнатты.
Табиғи ресурстарды пайдаланып келгендердің біразы Шардара ауданында да анықталып отыр. Сырдарияның бойындағы дәл осы жерді құм тасушы компания ұзақ уақыт пайдаланып келеді. Компанияның жолы кесілгеннен кейін құм тасу үшін тағы жер сұраған. Алайда олардың арызы қанағаттандырылмаған.
Бүгінгі таңда құм тасушы компанияның вагоны әлі күнге дейін тұр. Олар бірнеше аумақты қазып тастаған. Енді бұл мекеме де қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шара қолданылатын болады.
Previous Post

Өнер фестивалі аясында Кентау қаласының мәдениет күндері басталды

Next Post

Кентау қаласының мәдениет күндері этноауылда жалғасты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz