gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібастық кәсіпкер тәулігіне 200 банка көкөніс консервілеп, сатылымға шығарады

31 июля, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түлкібастық кәсіпкер тәулігіне 200 банка көкөніс консервілеп, сатылымға шығарады
Share on FacebookShare on Twitter
Түлкібас ауданындағы Жаскешу ауылының тұрғыны Қатира Алдабергенова қайтарымсыз грант аясында консервалық өнімдерді шығару кәсібін қолға алған. Бүгінде өндіріс орнында жалпы саны бес адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 200 банка консервіленген өнімді сатылымға шығарып отыр.
Кәсіпкердің айтуынша, ол ауданда өсетін көкөністер мен жеміс-жидектердің пісу уақытына қарай консервының барлық түрін дайындайды. Өндіріс орнында тәтті тосаптар мен қатар тұздалған қияр консервісіне дейін дайындалады. Ол қажетті көкөністерді өздерінің игеріп отырған егін алқабынан алынып, табиғи өнімдер облыстағы басқа аудандар мен қалаларға да жөнелтіліп келеді.
Қатира Алдабергенова алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік қолдауларға жүгініп, кәсібін ұлғайтуға ниетті. Сондай-ақ, ол жоспары іске асқан жағдайда қосымша тағы 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, ауыл халқының әлеуетін арттыруға өз үлесін қоспақ.
Қазіргі таңда мемлекеттік грант алып кәсіп бастаған түлкібастықтардың қатары күн санап артып келеді. Биыл жыл басынан бері 44 азамат мемлекеттен қолдау тауып жұмыс бастаса, жыл соңына дейін бағдарлама бойынша 46 адам қамтылады деп көзделіп отыр.
Previous Post

«Өнерлі өлке» фестивалі аясында Кентау қаласының мәдениет күндері өз мәресіне жетті

Next Post

Тұрғындарға қысты күтпей, көмірді ертерек сатып алу ұсынылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz