gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайда жыл соңына дейін 10 мың тұрғын газбен қамтылады

1 августа, 2023
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайда жыл соңына дейін 10 мың тұрғын газбен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес елді мекен тұрғындарын көгілдір отынмен, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Жетісай ауданында 250-ге тарта тұрғын үйі бар тағы бір елді мекенге табиғи газ берілді. Бұл-соңғы 5 жылда газға қосылған бірінші ауыл. Аудандағы Ш.Ділдәбеков ауылдық округіне қарасты Жаңа дала елді мекені тұрғындарына табиғи газ беру шарасына аудан әкімі Серік Мамытов қатысты.
2019 жылы құрылысы басталған газ өткізгішінің жалпы ұзындығы 18,8 шақырымды құрайды. Сметалық құны 239,6 млн теңге. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталғанымен табиғи газ қысымының жетіспеушілігінен тұрғындар табиғи газды пайдалана алмай келген. Сонымен қатар, өткен жылы Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм, Ақтөбе елді мекендері мен Абай ауылдық округінің Отан, Бейбітшілік елді мекендері, Ж.Ералиев ауылдық округінің Ғ.Мұратбаев елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарына «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы мен республикалық бюджеттерден жалпы 1,6 млрд теңге қаржы бөлініп, өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Осы орайда жыл соңына дейін 6 елді мекендегі 10 мың тұрғынды табиғи газға қосу жоспарланып отыр.
Аудан әкімінің орынбасары Марат Айнабековтың айтуынша ауданда тұрғындарды табиғи газбен қамту бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, көгілдір отынға деген сұранысты толықтай қанағаттандыру және газ тұтынушылар санын аудан тұрғындарының 60 пайызына жеткізу мақсатында жалпы сметалық құны 2,067 млрд теңгені құрайтын жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Оның ішінде Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» АГТС, Ынтымақ ауылдық округінде «Кирово» АГТС нысандарын салу жұмыстарына тиісті қаржылар бөлініп, мердігер «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары қолға алынған. Аталмыш 2 АГТС-тың қуаттылығы 100 мың текше метрді құрайды.
Айта кетсек, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға қоса Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Әбдіхалық, Мырзашөл, Атақоныс елді мекендерін газдандыруға республикалық бюджеттен 181 млн 709 мың теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі.
Previous Post

Түркістан қаласында жасақталған балалар алаңшалары 70-ке жуықтады

Next Post

Түркістан облысында жыл басынан бері 10 мыңнан астам шетел көлігі заңдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz